kk
Жақсы физикалық қалыпқа келу тек моральдық қанағаттану үшін ғана емес, денсаулық үшін де маңызды. Іштің және белдің маңайында майдың жиналуы гормоналды зат алмасудың бұзылуына әкеледі, ішкі мүшелерді қысады және олардың қалыпты жұмыс істеуіне жол бермейді. Сізге ішіңіздің тегіс болуына және жалпы тонусты сақтауға көмектесетін он жақсы әдетті ұсынамыз.
 

 

1. Босаңсыңыз

Таңқаларлық жағдай, бірақ мамандар іш маңайында майдың жиналуының бірінші себебін дәл осы стресс деп атайды. Стресс кортизол - іште майдың жиналуына ықпал ететін гормон деңгейін жоғарылатады. Кернеуді жеңілдету үшін келесі жаттығуды қолдануға болады. Тыныш, ыңғайлы жерде орналасыңыз (отырыңыз). Өкпеге көбірек ауа жинап, ауаны баяу шығарыңыз. Бұл басты тазартады. Терең тыныс алуды жалғастыра отырып, әрбір дем шығару кезінде «бір» сөзін айтуға назар аударыңыз. Егер алаңдауға тура келсе, тағы да «бір» сөзіне назар аударыңыз. Жаттығуды күніне 1-2 рет 5-10 минут бойы қайталаңыз.

 

2. Дұрыс таңғы асты таңдаңыз

Таңғы асқа келетін болсақ, мұнда адамдардың екі негізгі түрі ерекшеленеді. Біреулері әдемі сымбатты мүсінге ұмтылып, таңғы ас ішуден бас тартады, ал басқалары дәл сол себепті өте тығыз таңғы ас ішеді. Қайсысы дұрыс? Ешқайсысы. Таңғы ас тығыз емес, дұрыс болуы керек. Оның негізгі бөлігі өсімдік тағамдарынан немесе гликогеннен (крахмалдың жануарлық аналогы) алынған күрделі көмірсулар болуы керек. Бұл сүтке немесе суға пісірілген қарақұмық немесе сұлы жармасы, бидай кебек ботқасы болуы мүмкін. Қоспалары жоқ йогурт қосылған табиғи мюсли де жарайды. Ең дұрысы, негізге ақуыз қосу қажет - жұмыртқа, ет, авокадо, тофу, сүт өнімдері. Таңертеңгі тамақтану кезінде майлар да болуы керек. Бұл өсімдік майлары немесе гхи майы болғаны жақсы. Жемістер немесе көкөністер туралы ұмытпаңыз. Салат, кесілген немесе бір-екі кептірілген жеміс немесе жаңа піскен жеміс жарап тұр.

2


3. Күніне кемінде бір рет салат жеңіз

Көкөніс немесе жеміс салатының бір порциясы ағзаны жасұнықтың күнделікті мөлшерімен қамтамасыз етеді. Ол зат алмасуды жеделдетуге ғана емес, сонымен қатар ішек жұмысын жақсартуға көмектесетіні белгілі. Жасұнықтың арқасында ағза шлактар мен токсиндерден арылып, іштің кебуіне әкелетін артық газ шығармайды.
Қырыққабат, сәбіз, қияр, қызыл бұрыш, қызанақ, тәтті картоп, авокадо, күнбағыс тұқымдары және тіпті маринадталған тофу - салат үшін өте жақсы. Ал күніне екі жеміс немесе 200 г жидек күнделікті рационда өте қажет. Бұл қанттың керемет баламасы, сонымен қатар олар рационға жасұнық қосады. 

 

4. Пробиотиктер қосыңыз

Пробиотиктер іштің кебуіне қарсы күресте көмекшілер болып табылады, сонымен қатар олар салмақты қалпында ұстауға көмектеседі. Демек, іштің тегістігі де алыс емес. Пробиотиктер мен пребиотиктер табиғи йогурт пен басқа да сүт өнімдерінде бар. Егер қандай да бір себептермен «сүт өнімдерінен» бас тартуға тура келсе, пробиотиктерді қабылдаңыз. Тағайындау үшін дәрігермен кеңескен дұрыс. 
 


5. Көбірек су ішіңіз

Күніне 8 стакан таза су теріге де, денеге де керемет әсер етеді. Судың арқасында іштің кебуі кетеді және ас қорыту жүйесінің жұмысы жақсарады, бұл арманға - тегіс ішке жақындатады. Әсіресе, етеккір келер алдындағы кезеңде көп су ішу керек. 
 

6. Аш қарынға лимон қосылған су ішіңіз

Аш қарынға лимон қосылған, әсіресе жылы су кешенді жұмыс істейді. Ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартуға көмектеседі, зат алмасуды жеделдетеді және иммундық жүйені нығайтады. Сонымен қатар, таңғы астан 30 минут бұрын ішкен лимон қосылған жылы су ішекті тазартуға көмектеседі, соның арқасында тері таза болады.
 



7. Ұйқыны қандырыңыз

Мамандар ұйқының сапасы мен мөлшері артық салмақ жинауға тікелей байланысты екенін баяғыда дәлелдеген. Осылайша, сынақ кезінде 7 сағаттық нормадан бір сағат аз ұйықтаған адамдар күніне 500 калорий көбірек тұтынған. Бір жыл ішінде бұл 3-4 кг артық май. Эксперимент аясында ғалымдар сынақтан өтетін адамдарға пайдалы және зиянды өнімдер бар швед үстелін ұсынды. Ұйқысы қанбаған адамдар фаст-фуд пен тәттілерді таңдаған. Сондықтан жеткілікті ұйықтаңыз, сонда ішіңіз тегіс болады.
 

8. Сүйек туралы ұмытпаңыз

Біз қазір остеопороз - сүйектерге зақым келтіретін ауру туралы айтып отырмыз. Сонымен, омыртқаның әлсіз сүйектері дененің салмағын ұстап тұра алмайды, бұл біртіндеп бүкірлікке әкеледі. Бүкірейетін адамның іш қуысына орын қалмайды, сондықтан іш шыға бастайды. Сондықтан, егер жасыңыз 50 және одан көп болса, күн сайын тамақпен және тағамдық қоспалармен 1200 мг кальций қабылдау керек. Егер жасыңыз 50-ден аз болса, онда кальцийдің күнделікті мөлшері 1000 мг құрайды. Әрине, дозаны тағайындау және препаратты ұсыну үшін дәрігермен кеңесуіңіз керек. 
 



9. Ішті тартыңыз

Сіз өзіңізге арнайы сигнал тағайындай аласыз - әр телефон қоңырау шалған кезде іш бұлшықеттерін ішке қарай тарта бастаңыз. Кем дегенде бір-екі минут бойы ұстауға тырысыңыз. Осыдан кейін ішті уқалау жақсы болар еді. Жаттығуды неғұрлым жиі жасасаңыз, нәтиже соғұрлым тез және айқын болады.
 

10. Ағзаны жеңілдетіңіз

Жеңілдету күнін ұйымдастыруға тырысыңыз - бұл күндері алма, қарақұмық, айран немесе күріш жеуіңіз мүмкін. Мысалы, аптасына бір рет. Егер іш қатты шықпаса, жеңілдету күнінен кейін бір күн ішінде нәтижелерді көре аласыз. Дегенмен, жеңілдету күндеріне әуестенудің қажеті жоқ, себебі жеңілдету пайдалы заттардың ағзаға түсуін шектейді. Сондықтан денсаулыққа зиян тигізбеу үшін оған тым жиі жүгінбеңіз.
Бұл әдеттерді өмірлік серігіңізге айналдырыңыз, сонда сіздің ішіңіз әрдайым әдемі, тегіс және жинақы болады.

Назар аударыңыз, маңызды ақпарат!

Өз-өзіңізді емдеумен айналыса отырып, өз денсаулығыңызға қайтымсыз зиян келтіруіңіз мүмкін!
Медициналық маман болмасаңыз:
  • MedElement веб-сайтында және "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Аурулар: терапевт анықтамалығы" мобильді қолданбаларында орналастырылған ақпарат, дәрігердің қабылдауында берілетін кеңесті алмастыра алмайды және алмастырмауы керек. Медициналық мекемелерге кез келген ауру бойынша немесе өзіңізді мазалайтын белгілер болған кезде міндетті түрде хабарласыңыз. Дәрі-дәрмектерді және олардың мөлшерін таңдау мәселесі маманмен келісілуі керек.
  • Тек дәрігер ғана ауру мен емделуші ағзасының жай-күйін ескере отырып, дұрыс дәрі-дәрмек пен оның мөлшерлемесін тағайындай алады.
  • MedElement сайты және "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Аурулар: терапевт анықтамалығы" мобильді қолданбалары тек ақпараттық-анықтамалық ресурстар болып табылады.
  • MedElement редакциясы осы сайтты пайдалану нәтижесінде денсаулыққа келтірілген нұқсанға немесе материалдық шығындарға жауап бермейді