1. Басты
  2. Дәрігермен онлайн-кеңес

Дәрігердің онлайн-кеңес беруі - дәрігер мен пациент арасындағы қашықтықты өшіретін "МедЭлемент" платформасының ыңғайлы сервисі. Сервис медициналық көмек көрсету және алу үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді. 


Дәрігердің қашықтан кеңес беруі - COVID-19 жағдайында өте өзекті қызмет!


"МедЭлемент" сервисінде дәрігердің онлайн-кеңес беруі бейне-кездесу немесе мәтіндік чат форматында өтуі мүмкін. Пациент дәрігерге қызықтыратын барлық сұрақтарды қоя алады, сондай-ақ оған бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін жібере алады (зертханалық талдаулар, УДЗ қорытындылары, эндоскопия және т.б.).


"МедЭлемент" платформасы "МедЭлемент" МАЖ-дағы барлық ақпаратты толық ескере отырып, толыққанды қабылдау ретінде онлайн-кеңес беруді өткізуді ұсынады.


Пациенттен алынған ақпаратқа сүйене отырып, дәрігер мәселенің ықтимал себептерін анықтайды және келесі әрекеттерге қатысты ұсыныстар береді: дәл қазір қандай шаралар қабылдау керек, қай маманға жүгіну керек, қандай зерттеулер жүргізу керек.


Онлайн-кеңестер. Клиника мен дәрігер үшін


Онлайн-кеңес сервисіне қосылудан түсетін пайда:


  • Демалыс күндері, жұмыстан тыс уақытта, сондай-ақ пациенттер клиникаға көзбе-көз бара алмайтын форс-мажор жағдайында "тоқтап қалудың" болмауы.
  • Қайта қабылдауды онлайн форматқа ауыстыру арқылы ресурстарды үнемдеу.
  • Жұмыс географиясын кеңейту арқылы қосымша табыс алу – дәрігерлер басқа қалалар мен елдерден келген пациенттерге кеңес бере алады.

Клиниканы немесе жеке практиканы қызметке қосу үшін бізге хабарласыңыз.


Онлайн-кеңестер. Халық үшін


Дәрігермен онлайн-кеңес алу келесі жағдайларда көмектеседі:


  • Сізде клиникада дәрігерге баруға мүмкіндік жоқ
  • Сізге жұмыстан тыс уақытта немесе демалыс күні шұғыл кеңес қажет
  • Сіз өз мәселеңізбен қандай маманға жүгіну керектігін білмейсіз
  • Сізге зертханалық зерттеулердің немесе диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру қажет
  • Сіз диагнозға немесе тағайындалған емге қатысты басқа маманнан "екінші пікір" алғыңыз келеді
  • Сіз анонимділікті сақтап, дәрігермен құпия түрде кеңескіңіз келеді


Бізбен байланысыңыз:

+7 707 707 07 16

office@medelement.com