1. Басты
  2. Медицина мамандарына арналған мобильді қолданбалар



"МедЭлемент" платформасы дәрігерлер мен медик-студенттерге арналған медициналық мобильді қолданбаларды әзірлеумен айналысып, телемедицинаны дамытуға белсенді қатысады.


Әзірлеушілердің назарына! Біздің платформа әзірлеушілермен ынтымақтасуға ашық және біздің қолданбаларымыздан ақпаратты басқа ақпараттық жүйелерге біріктіру үшін API функцияларын ұсынады.


Мобильді қолданбалардың контенті негізінен орыс тілінде, бір бөлігі қазақ, өзбек және қырғыз тілдеріндегі (мемлекеттік стандарттар) контенттен тұрады.


"Терапевт анықтамалығы" ("Справочник терапевта") мобильді қолданбасы

Ауруларды диагностикалау және емдеу жөніндегі шолу мақалалары, сондай-ақ Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрліктерінің клиникалық ұсынымдары мен хаттамалары.


"Терапевт анықтамалығы" - дәрігерлерге арналған тегін кәсіби мобильді қолданба. Анықтамалық көптеген аурулар мен жай-күйлердің егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтиды. Аурулар туралы шолу мақалаларын тәжірибелі клиницист дәрігерлер ұжымы ғылыми және оқу әдебиеттері, халықаралық стандарттар мен медициналық ұйымдар мен қоғамдастықтардың ұсынымдары негізінде дайындаған. 


Қолданбаны жүктеп алу - Google Play Market, App Store


Қолданбаның ерекшеліктері:

  • Жеке бөлімдерден тұратын аурудың ыңғайлы сипаттамасы (сипаттама, жіктелім, эпидемиология, этиология және патогенез, клиникалық көрінісі, зертханалық және аспаптық диагностика, емдеу, асқынулар, болжам, ауруханаға жатқызу, алдын-алу).

  • Тексерілген көздерден алынған сенімді ақпарат

  • Анықтамалық базаны тұрақты және жүйелі түрде жаңарту

  • Ауруларды АХЖ-10 сәйкес құрылымдау 

 

"Dariger Pro" мобильді қолданбасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларының ресми электрондық базасы.


Дәрігерлерге арналған Dariger Pro тегін мобильді қолданбасы SOS Medical Assistance компаниясы мен "МедЭлемент" медициналық платформасының ынтымақтастығы негізінде құрылған. 

Қолданба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің диагностикалау мен емдеудің барлық клиникалық хаттамаларының өзекті базасын қамтиды.


Қолданбаны жүктеу - Google Play Market, App Store


DARIGER Pro қолданбасының бөлімдері:

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ауруларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының базасы.

- "Дәрілік заттар" бөлімі. Онда ҚР ДЗ Мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттардың сипаттамасы және олардың нұсқаулықтары ұсынылған.

- Дәрігерлер мен пациенттерге арналған пайдалы материалдар бөлімі (мақалалар, жаднамалар).

 

Мобильді қолданбаның интерфейсі төмендегідей мүмкіндіктер ұсынады:

- Атауы, АХЖ коды, мақұлдау жылы, медицина бөлімі бойынша қажетті клиникалық хаттаманы тез табу

- Хаттаманы электрондық поштаға жіберу

- Дәрілік заттар туралы ақпарат алу: дозасы, көрсетімдері, қолдануға болмайтын жағдайлар және т.б.

- Медициналық тақырыптағы мақалалар мен материалдарды қарау


ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары туралы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің диагностикалау және емдеу хаттамалары (клиникалық хаттамалар, ДЕХ) - бұл ауруларды диагностикалау мен емдеуді регламенттейтін нормативтік стандарттар. Бұл хаттамалар халыққа медициналық көмек көрсету кезінде ҚР мемлекеттік және жеке меншік медициналық мекемелерінің орындауына ұсынылған.


Қосымша: Смартфондар мен планшеттерге арналған диагностикалау мен емдеу хаттамаларының мобильді нұсқасы 


Lekar Pro мобильді қолданбасы

Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларының электрондық базасы.


Дәрігерлерге арналған "Lekar Pro" мобильді қолданбасы Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларының толық базасын қамтиды.

БР ДСМ клиникалық хаттамалары дәрігерлер диагноз қою және ем тағайындау кезінде сүйенуге тиіс нормативтік стандарттар болып табылады. Осы хаттамалар халыққа медициналық көмек көрсету кезінде БР мемлекеттік және жеке меншік медициналық мекемелерінің орындауына ұсынылған.


Қолданбаны жүктеу - Google Play Market, AppStore


Жоба "МедЭлемент" медициналық платформасы мен белоруссиялық "Софтгарантсервис" компаниясының ынтымақтастығы негізінде іске асырылған.


Қолданба аурудың атауы, АХЖ коды немесе медицина бөлімі бойынша қажетті хаттаманы тез табуға мүмкіндік береді.

Хаттамалардан басқа, қолданбада "Дәрілік заттар" жеке бөлімі бар. Онда ЕАЭО Кеден одағының аумағында тіркелген препараттардың сипаттамалары және олардың нұсқаулықтары ұсынылған.

Қолданбаның  қосымша бонусы - дәрігерге әрдайым медицина саласындағы ең маңызды жаңалықтарды білуге көмектесетін ақпараттық-анықтамалық бөлім. Бөлім арнайы медициналық редакция күн сайын дайындайтын әлемдік медициналық мерзімді басылымдарға орыс тіліндегі шолуларды қамтиды.


"MedElement" мобильді қолданбасы: пациенттер мен дәрігерлер үшін

Дәрігер мен клиниканы іздеу, қабылдауға жазылу, онлайн-консультациялар, пациенттің жеке кабинеті, анықтамалық ақпарат

"MedElement" мобильді қолданбасы - бұл пациенттер мен дәрігерлерге арналған мамандандырылған медициналық қолданба. 

ПАЦИЕНТТЕРГЕ. Қолданба адамдарға денсаулық туралы ойлауға және емдеудің барлық кезеңдерінде дәрігермен және клиникамен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға көмектеседі: дәрігерді және медициналық қызметті іздеу, қабылдауға жазылу, дәрігерден онлайн-консультация алу, зерттеулер мен тағайындаулар нәтижелерін алу, медициналық қызмет көрсету сапасын және сервис деңгейін бағалау.


ДӘРІГЕРЛЕРГЕ. Қолданба білікті медициналық көмек алуға мүдделі пациенттерді тартуға, оларды қабылдауға жазуға, пациенттерге онлайн консультация беруге және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін кері байланыс алуға көмектеседі.

Сонымен қатар, қолданбада дәрігерлерге арналған анықтамалық бөлім бар, онда Ресейдегі, Қазақстандағы және Белоруссиядағы ауруларды диагностикалау мен емдеудің стандарттары, сондай-ақ орыс тілді клиникалық нұсқаулар мен шетелдік гайдлайндарға негізделген шолу мақалалары бар.


Қолданбаның функциялары мен бөлімдері:

- Таңдалған өңірде дәрігерді, клиниканы және медициналық қызметті іздеу (қолжетімді өңірлерден таңдау)

- Қолданба арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу

- Сұрақ-жауап режимінде клиникамен хат алмасу

- Дәрігермен онлайн-консультация 

- Дәрігерге немесе клиникаға бару бойынша кері байланыс: пікірлер, бағалар, сауалнама

- Пациенттің электрондық кабинеті: дәрігермен және клиникамен ақпарат алмасуға, дәрігерлерге бару тарихын сақтауға, дәрігерден және клиникадан медициналық ақпаратты алуға және сақтауға арналған дербес сервис

- Пайдалы білім кітапханасы: пациенттер мен дәрігерлерге арналған мақалалар мен материалдар


Қолданбаны жүктеу - Google Play Market, App Store


Дәрігерлер мен клиникалардың назарына!

Қолданбаға өзіңіз немесе медициналық ұйымыңыз туралы ақпаратты қосқыңыз келе ме? Келесі почтаға сауал жіберіңіз: office@medelement.com 

 

Бізбен байланысыңыз:

+7 707 707 07 16

office@medelement.com