MedElement платформасында 2019 жыл
Жарияланған күні: 06 қаң 2020
Қош бол 2019!
Жыл оңай болған жоқ, бірақ өте нәтижелі болды
Біз"МедЭлемент" платформасы бойынша қысқаша қорытынды жасадық:
- 12 млн бірегей пайдаланушылар
- 24 млн бірегей келулер
- 9 "белсенді" ел (пайдаланушылар саны 50 000 адамнан асады)
- "МедЭлемент" МАЖ пайдаланатын 180 клиника
Биыл біз ТМД-да трафик бойынша өте жақсы өстік.
2019 жылы платформаның қызметтерін:
- 6 млн-ға жуық қазақстандық пайдаланды
- Ресей - 4,6 млн пайдаланушы (+70%)
- Украина - 720 мың
- Беларусь - 370 мың (+48%)
- Өзбекстан - 220 мың (+120%)
- Қырғызстан - 110 мың
Өткен жылы біз іске қостық:
- Беларусьтегі дәрігерлер мен клиникаларды іздеу қызметі (medelement.by)
- Дәрігерлер мен клиникаларды іздеу сервисінің өзбек тіліндегі нұсқасы (medelement.uz)
- Беларусьтің дәрігерлері мен тұрғындарына арналған iOS және Android үшін "Lekar Pro" (қазақстандық "Даригердің" аналогы) мобильді қосымшасы
- Жаңа "МедЭлемент" қосымшасының бета-нұсқасы (Android)
Жақында ТМД тұрғындарына осы қосымша арқылы көптеген керемет және пайдалы қызметтер қол жетімді болады.
"МедЭлемент" МАЖ бірқатар ДСМ порталдарымен интеграцияны жүргізді, ММС-пен жұмыс істеу кезінде талаптарға сәйкестік тестінен өтті, модульдердің функционалы айтарлықтай кеңейді.
Жалпы, біз көп жұмыс жасадық - дарынды және тиімді командаға үлкен рахмет!
Осы жетістіктердегі ең бастысы - біздің сервистер медициналық қызметтер мен көмектің сапасын жақсартуға көмектесетінін, демек, халықтың өмір сүру сапасын арттыратынын сезінеміз. Бұл біздің басты мақсатымыз!
2020 жылы біз тоқтамаймыз - жоспарлар көп,және біз жүзеге асыратын көптеген қызықты идеялар бар.
Барлығына жақсы және нәтижелі 2020, көп табыс, қуаныш және ауырмаңыздар!
Ізгі тілекпен, "MedElement" директоры Виталий Ермоленко
Комментарийлер (0)