"Медэлемент" платформасы географияны кеңейтеді!

Жаңа жылда дәрігер іздеу қызметі Medelement.uz өзбек тілінде жұмыс істей бастады. Өзбек нұсқасында Өзбекстандағы медициналық мекемелер мен дәрігерлерді орналасқан жері, қызметі, мамандануы бойынша іздеу функциялары бар толық интерфейс бар.

Пациенттер сервистен қажетті клиниканы тез таба алады, байланыстарды және картадағы орналасқан жерді көре алады, клиника қандай қызмет көрсететінін және қандай дәрігерлер қабылдау жүргізетінін біле алады, сондай-ақ өз пікірін қалдыра алады. Бұдан басқа, осы функцияларға қосылған медициналық орталықтарға сұрақ қоюға немесе онлайн қабылдауға жазылуға болады.


- 300 клиника
- 600 дәріхана
- 1300 медицина мамандары
Medelement.uz сервисінің ақпараттық базасын одан әрі толықтыру бойынша жұмыс қызу жүріп жатыр!  
"Медэлемент" платформасы негізінде өзбек нұсқасынан басқа,  Ресей үшін Medelement.ru сервисі жұмыс істейді және Қазақстанда дәрігер мен клиниканы іздеудің ең көп кіретін сервисі - Medelement.kz

Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар