"МедЭлемент" платформасы енді 4 тілде: қазақ, орыс, ағылшын, өзбек
Жарияланған күні: 30 қар 2021
"МедЭлемент" платформасы жобаның географиясын дамытуды және кеңейтуді жалғастыруда!
Біз Басты бет пен ақпараттық бөлімдердің интерфейсін жаңарттық. Енді жоба туралы ақпарат, жаңалықтар мен материалдар қазақ, орыс, ағылшын және өзбек тілдерінде қолжетімді.
Сіз тақырыпшадағы сайттың тілін ауыстыра аласыз және материалдарды өзіңізге ыңғайлы тілдік нұсқада көре аласыз.
Бұған дейін "МедЭлемент" платформасында бірнеше елдерде жұмыс істейтін және әртүрлі тілдерде қолжетімді анықтамалық сервистер іске қосылған болатын:
- Дәрігер мен клиниканы іздеу қызметі. Қазақстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстанда жұмыс істейді.
- Ауруларды диагностикалау мен емдеу стандарттарының анықтамалық базасы. Сервисте Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстанның клиникалық ұсыныстары мен клиникалық хаттамалары бар.
Серіктестік, ынтымақтастық, e-health инвестициялары
Көптілділікті қосу "МедЭлемент" платформасы үшін басқа елдердің нарықтарына шығу бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады. Жаңартылған технологиялық базаның арқасында медицина мамандары мен халыққа арналған біздің пайдалы сервистеріміз кез келген тілдік нұсқаға жеткілікті түрде тез бейімделе алады.
Компаниялар мен мамандарды "МедЭлемент" платформасының сервистерін жаңа нарықтарда локализациялау және жылжыту бойынша серіктестікке шақырамыз.
Бізбен байланысыңыз:
office@medelement.com
Комментарийлер (0)