Medelement.com медициналық платформасы іске қосылған сәттен бастап 5 жыл өтті!

2013 жылы дәрігерлерге арналған анықтамалық қызметтерден басталған жоба 2018 жылға қарай дәрігерлерді, емханалар мен пациенттерді біріктіретін және денсаулық сақтау саласының барлық қатысушыларына ыңғайлы қызметтер ұсынатын толық ауқымды платформаға айналды.

Соңғы жылы біздің сервистерімізді 6 миллионнан астам адам пайдаланды.

Пайдаланушылар 20 миллионнан астам парақты қарап, сайтта 651 000 сағат өткізді.

MedElement платформасы Қазақстандағы ең көп кіретін медициналық портал болып табылады

Жоба ҚР шекарасынан әлдеқашан асып кеткен - күн сайын платформаға ТМД елдерінен көптеген пайдаланушылар кіреді.

Статистика бойынша соңғы 12 айда бізде:

- Ресейден 1,5 млн пайдаланушы

- Украинадан 300 000 пайдаланушы 

- Белорусьтан 150 000 пайдаланушы

- Өзбекстаннан 85 000 пайдаланушы 

- Қырғызстаннан 56 000 пайдаланушы

Қазір MedElement платформасы негізінде:

  • Интерактивті анықтамалық жүйе: аурулар, дәрі-дәрмектер, зертханалық көрсеткіштер, клиникалық ұсыныстар және емдеу стандарттары
  • "MedElement электрондық клиникасы" бұлтты медициналық ақпараттық жүйесі
  • "Пациенттің электрондық кабинеті" сервисі
  • Medelement.kz дәрігер мен клиниканы іздеу сервисі  қызмет істейді 
  • "Қазақстан медицинасының цифрлық картасы" сервисі - ҚР барлық клиникалары, дәріханалары, зертханалары бір сайтта
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен серіктестік сервистер: Клиникалық хаттамалардың электрондық базасы, "Dariger: клиникалық хаттамалар" мобильді қосымшасы, дәрілік заттардың Қазақстандық Ұлттық формуляры
  • ҚР Ұлттық генетикалық тіркелімі
  • Пациенттерге арналған Doctor.kz ақпараттық сайты және мобильді қосымшасы
  • Дәрігерлерге арналған ақпараттық сервис: әлемдік медициналық мерзімдік басылымдарға шолу және денсаулық сақтау жаңалықтары

Келесі жобалармен жұмыс жүргізілуде:

  • Ресейдегі дәрігер мен клиниканы іздеу қызметі - Medelement.ru және Өзбекстанда - Medelement.uz
  • Қазақстандағы медициналық туризм порталы
  • Дәрігерлерге арналған клиникалық шешімдер қабылдауда көмек көрсету жүйесі

Біздің жұмысымызға оң баға алғанымызға өте қуаныштымыз және егер біздің өнімдеріміз дәрігерлерге күнделікті жұмысында және пациенттерге медициналық қызметтер мен денсаулық туралы ақпарат алуға көмектесе алатын болса, біз шын жүректен қуаныштымыз.

Барлық қолданушыларға қолдау көрсеткендері үшін рахмет!



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар