1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. 21 қыркүйек - Альцгеймер ауруы туралы ақпарат таратудың халықаралық күні

21 қыркүйек - Альцгеймер ауруы туралы ақпарат таратудың халықаралық күні



Альцгеймер ауруы туралы хабардарлықты арттыру бастамасы аясында Қалалық №18 емханада тақырыптық кездесу өтті. 

Бұл ауруға шалдыққан адам оның қаншалықты жойқын екенін біледі. Әдетте ауру 65 жастан кейін басталады, бірақ мың адамның ішінен біреуінің ауруы жас кезінде басталады.   Альцгеймер ауруының алғашқы белгілері: ұмытшақтық  (дәрі ішуді, үтікті тоқтан ажыратуды, газды сөндіруді ұмытып кете беру); иіс сезімінің азаюы  (иістерді ажырата алмау, иіссуды көп қолдану); психоэмоционалдық бұзылу (күйгелек, ашуланшақ, ұрысқақ, жанжалқой болу);  есте сақтау қабілетінің нашарлауы (Рибо заңы бойынша оқиғаның хронологиясын соңынан басына дейін есінде сақтай алмайды); жүрісінің өзгеруі (аяғын тырпылдатып басады, теңселіп жүреді); түнде селкілдейді (біреу бүйірінен түрткендей, итергендей, төсектің үстінде біреу жүргендей сезінеді).

Екінші сатысы: есте сақтау қабілетінің зақымдалуы, яғни науқас тіпті туысқандарының көмегінсіз нақты оқиғаларды есіне түсіре алмайды. Кейде баласы мен немересі бар екенін де ұмытады. Және өмірде болмаған нәрселер есіне түседі. Уақыттан шатасады. Білімін жоғалтады. Тек бала кезінен бойынан сіңірген дағдысы ғана сақталады. Жазып-сызудан қалады. Ақша санай алмайды. Түсінікті етіп сөйлей алмайды. Кейде өздігімен киіне алмайды.  Көшеде адасып кетеді.

Альцгеймер ауруынан өлу, көбінесе,  екі себептен – ағзасының құрғатылуы (сусыздануы) және өкпесінің қабынуы. Бұл ауруда  су ішу режимі сақталмай, ол ажалға әкеледі. Ал өкпе қабыну дене қимылы азайғандықтан болады. Бойына қан жүгірмей, өкпесіне артық сұйықтық жиналып қалады. Содан инфекция тарайды. Бұны емдеу өте қиын. Сондықтан науқастардан әрдайым қозғалып жүруі талап етіледі.  Оны емдеу психикалық бұзылыстарды түзетіп, денені жалпы шынықтырудан, мидағы метаболизмді реттеуден, тамырларды нығайту, жалпы Альцгеймер ауруына арналған дәрі қолданудан тұрады. Дегенмен медицина көмегімен науқастың жағдайын, белгілерін түзетіп, аурудың дамуын баяулатуға болады.  Ал толықтай қалпына келтірге бүгінгі медицина әлсіз. Сондықтан, бұл аурудың алдын алу өте маңызды. Олар салмақты бірқалыпта ұстау, көбірек қозғалу, ұйқыны қандыру, қан қысымын бақылау, дәрі-дәрмектерді көп ішпеу, салауатты өмір салтын ұстану.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту