ШЖҚ «№18 «Қалалық емхана» МКК Алматы қаласы Әкімшілігінің 02.08.2006ж. № 5/580 «№6 МКҚЕ атауын №18 Қалалық емханаға ауыстыру туралы» Жарлығы негізінде қалыптасқан аралас типтегі емхана болып табылады.Қазіргі кезде «№18 Қалалық емхана» төрт ғимаратта орналасқан бөлімшелерден тұрады: басты ғимарат «Таугүл 3» ықшам ауданында Тохтарова 10 көшесінде, №1 филиал Центральная-1, №2 филиал «Мамыр» ықшам ауданында 13-1 үйде.
Емхананың тарихы Таугүл аулында 1978 жылы ДДСҰ-ң Халықаралық бағдарламасымен фельдшер - акушерлік пункт (ФАП) ғимараты тұрғызылған кезден басталады. Алматы қаласында өткен халықаралық конференцияда фельдшер- акушерлік пунктінің (ФАП) шетелдік өкілдеріне алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін ұйым ретінде көрсетілді. 1993 жылы дәрігерлік амбулатория №6 қалалық емхананың бір бөлігі болды. 1995 жылдың басында дәрігерлік амбулатория «№15 Қалалық емхана» құрамына өтті. 1999 жылдың қыркүйек айында денсаулық сақтау саласын реформалау іс-шараларының жоспары бойынша «№ 6 Жанұялық – дәрігер амбулаториясы» болып жоба қайта құрылды.
Кәзіргі таңда "№18қалалық емхана"-38 000 тіркелген халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде 13 000 балалар. Мамыр 1,2,3,4,5,6,7,8; Таугүл 3; Дубок ықшам аудандарының халқына қызмет көрсетеді.«№18 Қалалық емханада» барлық медициналық жұмысшылардың маман сертификаттары бар, сонымен қатар 1- Медицина ғылымының кандидаты, жоғары санаттағы дәрігерлер - 83%, медбикелер- 98%. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында барлық медициналық жұмысшылар үнемі біліктілігін арттырып отырады. Емханада келесі дәрігер- мамандар қызмет көрсетеді: 27 аймақтық терапевт және педиатр, акушер-гинеколог, кардиолог, хирург, уролог, офтальмолог, отоларинголог, эндокринолог, невропатолог, әлеуметтік жұмысшы, психолог, массаж, ЭКГ бөлмесі және қант диабеті мектебі, қан қысымы мектебі, бронхалды демікпе мектебі, вирустық гипатит мектебі , ана мен бала мектебі, ишемиялық жүрек ауруы мектебі, жүкті әйелдерге психологиялық көмек көрсету, инсульт мектептері жұмыс істейді. Барлық филиалдар медициналық құралдармен жабдықталған, емхананың жұмысын жетілдіру мақсатында жаңа жұмыс істеу әдістері мен емдеу тәсілдері енгізілуде. 2013 жылдан бастап біздің емхана Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды кәсіпорынға ауыстырылды.