Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Маусымдық тұмауға қарсы егу науқаны басталады. Елімізде "Гриппол плюс" ресейлік вакцинасының 2,5 миллион дозасы бар.
Халықтың ең осал топтарының өкілдері тегін егіледі. Бұл бірінші кезекте медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған адамдар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар және т.б.
Тұмауға қарсы ақылы екпе егу жеке вакцинация орталықтарында және тұрғылықты жері бойынша емхананың егу кабинеттерінде жүргізіледі. Бюджет қаражатына сатып алынған «Гриппол плюс» вакцинасынан басқа, Қазақстанда үш өндірушіден тұмауға қарсы тағы төрт вакцина тіркелген.