1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. 1 қазан халықаралық қарттар күні

1 қазан халықаралық қарттар күні

Нұр-Сұлтан қаласы №3 Перинаталдық орталықта қарттар күні аталып өтті. 1 қазанды біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп, қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Бұл   күні  бәріміз қарттарды қастерлеп, құрмет көрсетеміз, бұндай құрмет сіздердің ерен еңбектеріңіз бен адамгергершілік және даналық  қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылады. Аға буындар және бүгінгі ұрпақтарыңыз сіздердің теңдесі жоқ ерлік істеріңіз бен отан сүйгіштіктеріңді мақтан етеміз.

Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың осы перзентхананың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы жандар! 




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту