Нұр-Сұлтан қаласы №3 Перинаталдық орталық - ана мен перинаталдық өлім-жітім және балалардың мүгедектігін азайтуға бағытталған қазіргі заманғы профилактика, диагностика және емдеудің технологияларын ендіру негізінде әйелдерге өмірінің барлық кезеңінде және балаларға- ана құрсағында жатқанда, жаңа туған кезеңде сапалы медициналық көмек көрсету; әйелдердің бала туу қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіруге тиісті.
Біздің бөлімшілер диагностика, бақылау және емдеу үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыздалған.
Бөлімшілер:
Жыл сайын біздің ауруханамызда 8 200 астам бала дүниеге келеді!
ДДСҰ бағдарламасы бойынша қауіпсіз ана болу принциптерін енгізумен біздің перзентханада нәресте ауруы, ана мен балаға зиян келтіретін және нәресте өлімін азайтатын, жүктіліктің және босанудың жаңа тиімді технологиялары енгізілген.
Әйелдер консультациясы
Жүктіліктіті қадағалау, жүктіліктің асқынуын уақытылы диагностикалау, емдеу немесе ауруханаға жатқызу.
Сары-Арқа ауданының жоғары қауіпті тобына жататын әйелдеріне, экстрагенитальдық патологиясы, жүктілікті көтере алмау мәселелері бар жүктілерге қызмет жасайды.
Генетик-дәрігер және балалар акушер гинекологы қабылдайды.
Әйелдер консультациясында "Босануға дайындау мектебі" жұмыс істейді және күндізгі стационар ұйымдастырылған.
Гинекология бөлімшесі (хирургия)
Бөлімше жоспарланған хирургиялық көмек көрсетеді.
- Гинекологиялық аурулардағы қуысішілік операциялар
- Лапароскопиялық операциялар
Жүктілер патологиясы бөлімшесі
Бөлімше қабылдау бөлімі арқылы босануға, жоспарлы босандыру операциялауға, емдеуге жоспарлы госпитализациялайды.
Мезгілінен бұрын қағанақ суы кеткен, пиелонефрит, ауыр және орташа дәрежеде анемиямен ауыратын, ұрықтың құрсақтық дамуы тоқтатылған, су аздық тәрізді жағдайлары бар пациенттер қабылданады.
Босану бөлімшесі
Босану үйге жақын шарттарында өткізіледі. Бұл әйелдерге еркін сезінуге, босануды шектеуге және босану кезінде қолайлы жағдайды таңдауға күйеуі немесе басқа туыстарымен бірігіп босануға мүмкіндік беріледі.
Жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесі
Жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесі перзентхананың ең жас бөлімшесі, 2002 жылы жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесінің қарқынды терапия палатасының негізінде ашылды.
Dräger атты медициналық жабдықтардың жетекші өндірушісімен медициналық газдарды (оттегі, вакуум, ауа) және электр энергиясын жіберетін жүйе - аспалы консольмен қамтамасыздандырылған. Бөлімшеде шала туған, тіпті дене массасы 1000 граммнан кем нәрестелерді қолайлы жағдай жасалынған заманалы инкубаторлар және организмнің өмірге маңызды функцияларын қадағалайтын мониторлары бар.
Бөлімшеде өз қызметін жітік білетін жоғары санатты неонатолог дәрігерлер мен медбикелер жұмыс істейді. Олардың біліктіліктері дамуы мен жетілуі білімді жоғарылату курстарына, оның ішінде алыс және жақын шет елдерінде (Израиль, Литва) үнемі қатысуларына байланысты.
Жаңа туған нәрестелер бөлімшесі
Бөлімше "Ана мен бала" ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Жаңа туған нәресте туған кезінен перзентханадан шығарылғанына дейін анасымен бірге болады. Тек қана емшек сүтімен қоректендіру насихатталады, бірінші рет емізу өмірінің алғашқы 30 минутында және сұрағанда.
Бөлімшеде температуралық режимді қатаң ұстану, жаңа туған нәрестенің дене температурасының термобақылауы. Нәрестенің бейімделу кезеңі 7 сөтке құрайды.
Бөлімшенің қызметкерлерінің міндеті нәрестенің сыртқы ортаға бейімделуіне қолайлы жағдай жасау. Аналарды емшекпен қоректендіру ережелерімен таныстыру, баланы дұрыс қарауға, баламен тіл табуға көмектесу. Бөлімшеде "В" гепатиті мен туберкулезге қарсы иммунопрофилактика өткізіледі. Баланың егу паспорты, алмастыру картасы беріледі. Емшекпен қоректендіру бойынша "Жедел желі" бар.
Клиника-диагностикалық зертхана
Клиника-диагностикалық зертханада келесі бөлімдер жұмыс істейді: бактериологиялық, жалпыклиникалық зерттеулер, биохимикалық зерттеулер, изосерологиялық зерттеулер, иммуноферменттік зерттеулер.