Құрметті пациенттер!

2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап күрделі жөндеуден кейін біздің пациенттер үшін 

Сейфуллин, 28 мекен-жайындағы № 1 емхананың бас ғимараты есігін айқара ашады. 

Сейфуллин, 28 мекен-жайы бойынша 2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап дәрігерлер 

қабылдауды жүргізеді. Науқастарды күрделі жөндеуден кейін 

жаңа корпус пен жайлы кабинеттер күтіп тұр.

 

Емханада ересектерге арналған консультацияларды терапевттер, 

отоларинголог, окулист, ревматолог, гастроэнтеролог, пульмонолог, уролог, хирург, 

эндокринолог, невропатолог, кардиолог, ангиохирург, травматолог, 

инфекционист, онколог, маммолог, фтизиатр, психологтар және 

әлеуметтік қызметкерлер жүргізеді. 

Сондай-ақ, дәріхана, күндізгі стационар, ЭКГ, ЭЭГ, ОАО, 

дәрігерге дейінгі кабинет, 

әйелдер мен ерлерді қарау кабинеттері, емшара кабинеті, егу кабинеті, зертхана, 

Ультрадыбыстық-диагностика, рентген, флюорография, маммография және 

жеке кіреберісі бар сүзгі кабинеті бар.

 

📍Емханада 39-99-78, 22-68-04,22-60-28 бірыңғай Call-орталығы жұмыс істейді, ол арқылы пациенттерге консультациялар мен зерттеулер жүргізу мекенжайын білуге, сондай-ақ қабылдауға жазылуға немесе дәрігерді үйге шақыруға болады.


СЕЙФУЛЛИНА, 28 МЕКЕН-ЖАЙЫ БОЙЫНША ЕМХАНАҒА ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ СҰРАҚТАР БОЙЫНША МЫНА ТЕЛЕФОНДАҒА ХАБАРЛАСУ ҚАЖЕТ:

1. call center - 576598/576481

2. Дәріхана - 576491

3. Директордың қабылдау бөлімі - 576599


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту