3 қабатты емхананың ғимараты қаланың орталығындағы С. Сейфуллин көшесі, 28 мекенжайында орналасқан. 1999 жылға дейін «№ 1 қалалық аурухананың» құрамында болған. 1999 жылдың 1 сәуірінде «№ 1 қалалық емхана» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жеке заңды тұлға мәртебесіне ие болған. 2010 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Директоры –Айтбаев Рустем Сапаралыевич . Медициналық қызмет көрсетумен айналысуға рұқсат берілген лицензиясы бар. Емхана 08.00-20.00 сағат аралығында медициналық қызмет көрсетеді. Тұрғындар саны және емхананың қуаттылығы көбейгеніне байланысты қосымша 15 кабинет ашылды. Барлық кабинеттер 2-3 ауысымда қызмет атқарады.
Жоспарланған қуаттылығы бойынша бір ауысымда 250 адамға дейін қабылдайды.
«№ 1 қалалық емхана» бөлімшелері:
С. Сейфуллин көшесі, 28 мекенжайындағы ғимаратта № 1 Отбасылық денсаулық орталығы, № 1 консультативтік-диагностикалық бөлімшесі, Алдын-алу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі, Ақылы қызмет бөлімшесі орналасқан. № 1 Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі – Бекитаева Асылтас Шахзинанқызы.№ 1 консультативтік-диагностикалық бөлімше меңгерушісінің м.а. – Каженова Эльвира Сержанқызы. Алдын-алу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі – Кашкенова Алма Көпейқызы.
М. Әуезов көшесі, 24 мекенжайындағы ғимаратта № 2 отбасылық денсаулық орталығы, № 3 отбасылық денсаулық орталығы орналасқан. № 2 отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі – Қадір Гульназ Сабитқызы. № 3 отбасылық денсаулық орталығы меңгерушісі – Абишева Гүлнар Арыстанғалиқызы.
Республика даңғылы, 40 мекенжайындағы ғимаратта № 2 консультативтік-диагностикалық бөлімше, Акушерлік-гинекологиялық бөлімше орналасқан. № 2 консультативтік-диагностикалық бөлімше меңгерушісі – Тулегенова Айман Жорабекқызы. Акушерлік-гинекологиялық бөлімше меңгерушісі – Каукенова Жанна Карбекқызы.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұлттық аккредиттеу рәсімінен өтті. Денсаулық сақтау сапасы бойынша аккредиттеу орталығы «№ 1 қалалық емханаға» ұлттық аккредиттеудің 2-санатын 3 жыл мерзімге берді.