1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Құрметті Атбасар қаласының тұрғындары!

Құрметті Атбасар қаласының тұрғындары!

Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы (АКАА) 2025 жылғы 02 мамырдан бастап  ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес АКАА емханасы жанында  №111 шұғыл медициналық көмек кабинеті жұмыс істей бастағанын хабарлайды, оған жедел жәрдем алу үшін  жұмыс күндері сағат 8-00-ден 20-00 -ге дейін және сенбі күні сағат 8-00-ден 14-00-ге дейін жүгінуге болады (жексенбі-демалыс күні).


Сондай-ақ, сіз  79909 телефоны бойынша АКАА байланыс орталығы арқылы ересек адамға немесе балаға "үйге шақыруға"  болады және сізге мобильді экипаж келеді. Бұдан басқа, мобильді бригада  "103"станциясынан жіберілген шұғылдықтың 4-ші санатындағы қоңырауларға қызмет көрсететін болады.  Мобильді бригаданың жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 8-00-ден 20-00-ге дейін және сенбі күні сағат 8-00 -ден 14-00 -ге дейін (жексенбі-демалыс күні).

Бұл жұмыс форматы  емханада да, үйде де уақтылы тексеруді және шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Үйге шақыру сағаттары:

- Жұмыс күндері сағат 08-00 - ден 19-00-ге дейін

- Сенбі сағат 08-00 - ден 12-00- ге дейін.

"Жеделдіктің 4-ші санатына шақыру" қабылдау сағаттары:

- Жұмыс күндері сағат 08-00 - ден 19-00-ге дейін

- Сенбі сағат 08-00 - ден 12-00- ге дейін.


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту