"Атбасар КАА" ШЖҚ МКК Жарқайың, Жақсы, Есіл, Сандықтау аудандарынан ауданаралық травматология, инфекция, инсульт орталығы бөлімшелеріне науқастарды емдеуге жатқызуға, 2 деңгейдегі босандыру көмегін өңірлендіруге есептелген.
Бұл мекеме 1973 жылы арнайы салынған ғимаратта орналасқан және 43 797 адамға қызмет көрсетеді.
Басшысы: "Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ МКК бас дәрігері: Шаубаев Зарыққан Бақытұлы.
Негізгі қызмет түрі: акушерлік, гинекологиялық, терапиялық, хирургиялық, травматологиялық, педиатриялық бейін бойынша өңір халқына стационарлық, шұғыл, жоспарлы медициналық көмек көрсету, терапиялық, хирургиялық, травматологиялық, гинекологиялық, неврологиялық, дерматовенерологиялық бейіндер бойынша амбулаториялық қызметтер көрсетіледі.
Ауруханада рентген, ультрадыбыстық жабдықтар, физиокабинет, массаж бөлмесі, телемедицина кабинеті бар.
Меншік нысаны: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Қызметінің мақсаты: емдеу-алдын алу және сауықтыру іс-шараларын жүргізу арқылы халықтың денсаулығын сақтау және қалпына келтіру.
Ғылыми әлеует, емделушілерге
ықыласты қарау, медицина саласындағы соңғы техникалық жетістіктерді пайдалану
және Ақ халаттағы адамдардың жай ғана жан жылуы - осының барлығы күн сайын, жыл
сайын Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасында өз денсаулығына, өз туыстары
мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасайтындардың барлығын күтеді.
Құрылым стационарлар мен МСАК ұйымдарының құрамында көп бейінді ауданаралық ауруханадан тұрады. Тәулік бойғы стационардың барлық төсек – орындары-163, күндізгі стационардың төсек-орындары-119. Барлығы төсек-орын қоры 282 төсекті құрайды.
Төсек қорының құрылымы:
Аудандағы БМСК балалар, әйелдер консультациясының құрамында ауысымда 500 адам қабылдайтын аудандық емхана, 8Д А, 5 ФАП, 16 МК көрсетеді.
Мемлекеттік лицензиясы
МЛ 16.05.2018 ж. № 18009632 қосымшаларымен МСАК, КОД, зертханалық диагностика, стационарлық және көмек бойынша 15 түрі, фармацевтикалық қызмет, БӘЖД.