1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. ҚОРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛАЙ ОРНАТУҒА БОЛАДЫ

ҚОРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛАЙ ОРНАТУҒА БОЛАДЫ


Достар, біз күн сайын, демалыс және мереке күндері түсініктемелерде және жеке хабарламаларда, барлық байланыс арналары арқылы ақпараттың үлкен ағымын аламыз. 💥

Қорға жүгінетіндердің әрқайсысының проблемасын шешуге деген ұмтылыста әлеуметтік желілердегі сұраныстарды жедел өңдеу әрдайым мүмкін емес. Тиімді кері байланыс алу үшін әлеуметтік желілерді ғана емес, Медициналық сақтандыру қоры өтініштерінің ресми арналарын да пайдалануды ұсынамыз. 🙏

Бұны қалай істейді? 🤔

✅ Бірыңғай байланыс орталығы 1406. Біздің операторлардан сіз МӘМС жүйесіне қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес ала аласыз. Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін.

Жұмыс күндері байланыс орталығы сағат 8️⃣:0️⃣0️⃣-ден 2️⃣0️⃣:0️⃣0️⃣-ге дейін жұмыс істейді. Мереке және демалыс күндері, сондай-ақ түнгі уақытта халыққа IVR қызмет көрсетеді. Бұл байланыс орталығының ішіндегі қоңыраулардың бағытын анықтайтын алдын-ала жазылған дауыстық хабарламалар жүйесі.

❗ Егер өтініш дереу араласуды қажет етсе, жүйе оны тәулік бойы жұмыс істейтін аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының байланыс орталықтарына жібереді.

❗ Егер мәселе түсіндіру, консультациялық сипатта болса, ол жүйеде сақталады және келесі күні байланыс орталығының операторлары өз функционалына кіріскеннен кейін мәселе тіркеледі және жұмысқа қабылданады.

✅ Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы. Оның көмегімен дәрігерлердің немесе медициналық ұйымдардың атына жүгінулер, алғыстар, МӘМС және ТМККК шеңберіндегі жұмысқа қатысты ұсыныстар қалдыруға, медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Сіз қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктей аласыз.

✅ Телеграмм-бот @SaqtandyryBot. Мұнда сіз МӘМС туралы ақпарат ала аласыз, жарналар мен аударымдарды төлеу туралы ақпарат ала аласыз, өзіңіздің сақтандырылу мәртебеңізді анықтай аласыз.

✅ Соңында, сайт fms.kz -өтініш беруші үшін кері байланыс алудың дұрыс тәсілдерінің бірі болып табылады. "Сұрауды жіберу" бөлімінде сіз жауап беру үшін өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсете отырып, шағым немесе өтініш қалдыра аласыз


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту