Информация о клинике
Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы "№2 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК
Балалар ауруханалары
+7 (7252) ****
0
0 пікір

Біздің орталық жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жоғары қатерлі топтағы әйелдерге, 500 грамм және одан жоғары салмақта босанған жаңа туылған нәрестелерге, сондай-ақ қызмет аумағында гинекологиялық науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. ШЖҚ "№2 Облыстық перинаталдық орталығы" МКК ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының 02.05.2017 жылғы № 285-н/қ санды бұйрығы негізінде 160 төсек орынға тәулік бойы жұмыс жасайтын медициналық ұйым болып табылды.


Босану бөлімі 1,2,3 деңгейлі жүктілерге, босанатын және босанған әйелдерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының 21.12.2010 жылғы № 836/ө санды бұйрығына сәйкес № 2 Облыстық перинаталдық орталығының" базасы негізінде консультативті-диагностикалық блок құрылды. КДБ-ның дәрігерлері ауру қаупі жоғары топқа жататын жүкті әйелдерге экстрагенитальді және акушерлік патологиясы бойынша кеңес береді, жүктілік барысының тактикасын анықтайды, сондай-ақ ауруханаға жатпаған жүктілердің мониторингін жүргізе отырып, перинаталдық көмек көрсету деңгейін, босану тәсілі мен уақытын анықтайды.

Күте тұрыңыз, жүктеу жүріп жатыр
Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы "№2 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК