Халықаралық қарттар күні


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай емханада қызмет еткен ардагер медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетті. Бұл емхана тарапынан көрсетілген әлеуметтік қолдаудың бір көрінісі іспеттес. Санаулы ғұмырын медицина саласына және «№ 1 қалалық емханадағы» жұмысқа арнаған ардагерлердің еңбегі әрқашан да еленіп отыратындығын атап айтқымыз келеді. Барша ақ жаулықты әжелер мен аталарды бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту