Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Астана қаласының №3 перинаталдық
орталығы жүкті әйелдерді йога курсына шақырады.
Сабақтар кеңес
беру-диагностикалық бөлімнің «босануға дайындық мектебінде» өтеді.
Курсты фитнесс-нұсқаушы Иманбердинова Гульнара Сейльбекқызы жүргізеді.
Жүктілік
кезінде йога жүзу сияқты денені қауіпсіз және пайдалы түрде жаттықтырудың түрі
болып табылады. Жаттығулар әйел ағзасының барлық жүйелеріне қолайлы әсер етеді,
өз денесін тыңдауға және оны басқаруға үйретеді, сондай-ақ белдің ауыруын
азайтады, токсикоз болған кезде де көмектеседі.
Йога болашақ ананың психикалық-эмоциялық жағдайына жарамды
ықпал етеді, жүйке қысымын босаңдатып, жеңілдетеді. Сонымен қатар, йогамен
айналысу ананың менталдық деңгейде баламен қарым-қатынасының тамаша тәсілі
болып табылады.