Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Емханаларға тіркелу шаралары 15-қыркүйектен 15-қарашаға дейін жалғасады. Осы аралықта көңіліңіз қалаған кез-келген емханаға барып, дәрігерге қаралып, тіркелуіңізге болады. Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – ӘМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркейді.. Бұл – әр азаматтың сапалы әрі өзіне ыңғайлы медициналық қызмет алу құқығын жүзеге асырады. Дәрігерлік амбулаториядан ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін алу үшін, азаматтың емханаға тіркелгендігін куәландырушы құжаты болып табылатынын, тіркелу талоны болуы қажет. Тіркеу талонын сол емханадан алуға болады. Ал, мекен-жайы туралы анықтаманың, яғни үй кітапшасының қажеті жоқ. Сондай-ақ емханаға электрондық үкіметтің www.egov.kz сайты бойынша да тіркелуге болады.
Тұрғындардың емханаға тіркелуі түпкілікті немесе мезгілдік мекен-жайы, жұмыстың, оқудың есебімен бір медициналық ұйымды еркін таңдау құқығының шегінде бір әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша (елді мекеннің) жүзеге асырылады. Егер де бастапқыда басқа ұйымда тіркелген болса, тіркеуден шығуды электрондық форматта да жүргізуге болады. Тіркеу кампаниясы тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі. Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры уәкілетті органның (www.mz.gov.kz) Нур-Султан қаласының денсаулық сақтау басқармаларының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (www.fms.kz) интернет - ресурстарында 2017 жылғы 14 қыркүйекте орналастырылды. Азаматтарды тіркеу ӘМСҚ ұйымдарында олардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, тікелей немесе жазбаша немесе "Электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінгенде жүргізіледі. Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың бар болу кезінде жүргізіледі. Медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан емханалардың тізімін қарауға болады. Үйіңізге немесе жұмысыңызға жақын емхананы таңдай аласыз.
Емханаға тіркелу жолдары төмендегідей:
1. Алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету мекемелеріне тіркелу өтініш және құжат (жеке бас куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік) және тіркелу орнын ауыстыратын жағдайда емханадан тіркелуден шығу талоны бойынша жүзеге асырылады.
2. Денсаулығына байланысты Алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету мекемелеріне өз бетімен келе алмайтын емдеушілерді тіркеу Алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету мекемелерінде жазбаша өтініштер бойынша жүзеге асырылады.
3. Егерде тұрғын тіркелген емхана немесе дәрігерлік амбулаториясының қызметіне қанағаттанса, осы жылғы тіркелу кампаниясына қатыспаған болса, келесі жылға сол медициналық мекеме тіркеуге құқылы.
4. Азаматтың емхана немесе дәрігерлік амбулаторияға тіркелу еркін таңдауында медициналық мекеме талқылауға құқылы: емхана және дәрігерлік амбулаториялық мекеменің қызметі территориялық ұстанымы негізі бойынша азаматтарды үйде қарау қызметін. Медициналық мекемеде тіркелген тұрғындардың саны асатын жағдайда азаматты сол мекемеге тіркеуге құқылы.
АМКК тіркелуге өзгерістер келесі жағдайда өтеді:
- Жылына бір рет азаматтардың еркін емхананы таңдауына;
- Уақытша жұмыс немесе оқу оқуына байланысты;
- Емхананың немесе дәрігерлік амбулаторияның қайта құру немесе таратылуына байланысты;
- Оралмандар мен ИИН жоқ азаматтарға бөлек терезе ашылатыны.