1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Біздің қызметкер - "Дубок "филиалының меңгерушісі Аида Тұрдиева Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

Біздің қызметкер - "Дубок "филиалының меңгерушісі Аида Тұрдиева Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

Біздің қызметкер - "Дубок "филиалының меңгерушісі Аида Тұрдиева Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген " Халық алғысы" медалімен марапатталды. Медаль білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, сондай-ақ Covid-19 пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

Аида Саитовна Турдиева Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қызыл Шарық ауылында дүниеге келді. 1999 жылы М.Әуезов  атындағы орта мектепті  үздік тәмамдады. Сол жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университетінің емдеу факультетіне оқуға түсіп, оны 2005 жылы аяқтады, 2005-2006 жылдары "Терапия" мамандығы бойынша интернатурадан өтті. Еңбек жолын 2003 жылы бастады, ол кезде жоғары курс студенті ретінде бос уақытында фармакологиядағы білімін тереңдету мақсатында "Фарма мир" дәріханалар желісінде кеңесші болып жұмыс істеді. 2005 жылы медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем станциясының  фельдшері болып жұмысқа орналасты. Университетті аяқтағаннан кейін, 2006 жылы Алматы қаласының №8 қалалық емханасында терапевт дәрігері болып жұмыс істеді, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бөлімшесінде  қоса атқарушы дәрігер болып жұмыс атқарды.

"Жедел жәрдем қызметі – адамды күннен күнге ерекше өмір ырғағына  үйретеді. Кімде-кім жедел жәрдем қызметіне келген болса, ол осы үйренген өмір ырғағынан кетуге асықпайды.  Сөйтіп,  2008 жылы жедел жәрдемде негізгі қызметкер, дәрігер болу үшін емханадан жұмыстан  шықтым. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының №3 қосалқы станциясында қарқынды терапия бригадасының (кардиологиялық бригадада) дәрігері болып жұмыс істедім. 2011 жылы анестезиология және реаниматология  қайта даярлау курсынан  өтіп, реанимациялық бригаданың дәрігері болып ауыстым 2020 жылға дейін жұмыс істедім. Сонымен қатар, пандемия басталғанға дейін Medlain жеке медициналық орталығында және ІІМ ауруханасында реаниматолог-анестезиолог дәрігері болып жұмыс істедім. Пандемияны  алдынғы қатарда қарсы алдық! Өте қиын болды. Бастапқы кезеңде қорғаныс киімдері көмек көрсетуге, тіпті реанимациялық шараларды көрсетуге өте ыңғайсыз болды. Ауру бізді де аямады., науқастардың 103 бригадасын шақырған кезде өз нақты жағдайын дұрыс айтпау салдарынан, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен тығыз байланыста жүріп, біздің бригаданы 14 күн карантинге жіберілді. 12-ші күні менде клиникалық белгілер пайда болды. Өкпе мен бауыр зақымданып,  қатты ауырдым. 2 ай емделіп,  ауруды жеңіп шықтым. Әріптестерімнің көбінен айрылдым, олар да күн сайын жақындарының қайтыс болғаны туралы суық хабар естіді, бұл психикалық тұрғыдан өте ауыр қиын кезең болды. Толық сауығып, өзімнің сүйікті жұмысына аман-есен оралдым. 2021 жылдың ақпан айында No3 қосалқы станциядан No2 қосалқы станциясының аға дәрігері болып, наурыз айынан бастап No2 қосалқы станциясының басшысы лауазымына тағайындалдым. 2021 жылдың маусым айында №18 қалалық емханаға ауысып, қазіргі уақытта №18 қалалық емхананың Дубок филиалының меңгерушісі болып қызмет атқарамын, сенбі күндері Жедел медициналық жәрдем станциясының №2 қосалқы станциясына кезекшілікке шығамын, - дейді Аида Саитқызы өзі туралы. 

№18 қалалық емхана ұжымы Аида Тұрдиеваны лайықты марапатымен құттықтайды.

Осы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай А.Тұрдиева Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

«Қала тұрғындарының денсаулығын сақтау және нығайтуда кәсіби шеберлігіңіз бен қажырлы еңбегініз үшін алғысымды білдіремін.», - деп атап көрсетілген хат мәтінінде.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту