Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-18 бұйрығына сәйкес «№ 1 қалалық емханада» біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызмет көрсетуге қорытындыны беру үшін дәрігерлік комиссиясы құрылды. Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеу мақсатында пайдаланудың негізі дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы болып табылады, ол медициналық қызметтер көрсетуге арналған медициналық көрсетімдер бойынша беріледі:
Өтініш беруші емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасы туралы ақпаратты алады. Өтініш беруші ЭЦҚ арқылы уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизацияланады және өзінің жеке кабинетін ашып, емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электрондық өтінішті толтырады. Алушы қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін дәрігерлік комиссияның қорытындысын (дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы) беру туралы өтінішпен өзі тіркелген жердегі медициналық ұйымға жүгінеді және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және бейінді маманның қорытындысын қоса береді.
