"Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ КМК. Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Облыстық перинаталдық орталығы" облысымыздағы жаңа емдеу мекемелерінің бірі. 350 төсектік ауруханасы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы шеңберінде салынған.
2 негізгі ғимаратының жалпы ауданы – 31120,9 кв.м
Екі негізгі ғимарат та Қазақстан, Ресей, Германия, Жапония мемлекеттерінің үздік медициналық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Облыстық перинаталдық орталығында стационарлық және кеңес беру-диагностикалық көмек көрсетіледі.
2 негізгі ғамаратта бөлімшелер орналасқан:
І ғимарат:
- Қабылдау бөлімі
- Жүктілер паталогиясы бөлімі
- Босану блогы
- Ота блогы
- І акушерлік бөлім
- ІІ акушерлік бөлім
- Ересектер жан сақтау бөлімі
- Нәрестелер жан сақтау бөлімі
- Нәрестелер бөлімі
- Нәрестелер патологиясы бөлімі
- Реабилитация бөлімі
- Оперативтік гинекология бөлімі
- Клиникалық-диагностикалық бөлімі
- Медико-генетикалық орталығы
- Клиникалық лаборатория бөлімі
- Бактериологиялық лаборатория бөлімі
ІІ ғимарат
- Консервативтік гинекология бөлімі
- Күндізгі стационар
- Әйелдер консультациясы