Информация о враче
Бердыкулова Динара Махамбетовна
Акушер-гинеколог Гинеколог
Маман қай жерде қабылдайды
0
0 пікір

Білімі: Жоғары,Халықаралық Қазақ-Түрік университеті медицина факультеті   (2003-2009).

Мамандығы: Денсаулық сақтауды ұйымдастыру,акушер- гинеколог.Бірінші санатты дәрігер.Екінші санатты ұйымдастырушы.

Жұмыс тәжірибесі: 10  жыл

Лауазымы: Түркістан қалалық емханасының бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары. Әйелдер кеңес алу бөлімінің менгерушісі.

Меңгерген тілдері: Қазақ ,орыс ,түрік тілдерін еркін меңгерген,ағылшын тілін жақсы түсінеді.

Атқарған қызметтері:

- 2010 жылы тамыз айының 9-нан бастан Түркістан қалалық емқанасында акушер-   гинеколог қызметін атқарған.

- 2011 жылдан бастап микроаймақтың жетекшісі қызметін атқарған.

- 2012 жылы шілде айынын 12-нен бастап Түркістан қалалық емханасының   әйелдер кеңес алу бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған.

- 2012 жылдын тамыз айынан бастан бас акушер –гинеколог қызметі жүктелген.

- 2017 жылдан бастап Антенатальдік бақылау кординаторы.

-2017 жылдан бастап Түркістан қалалық емханасының бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары  қызметі.

Мамандығы бойынша біліктілігін жоғарлатуы:

  • 2011 жылы  Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында Акушерия және гинекологиядағы ультрадыбысты диагностика циклы бойынша оқып куәлік алған.

  • 2012 жылы акушерия-гинекологиядағы өзекті мәселелер тақырыбында  Алматы қаласында білімін жетілдірген.

  • 2013 жылы Ана мен баланы қорғау тақырыбында мастер-класс  өтіп халықаралық литвалық сертификатын берілген.

  • 2013-2015-2017 жылдар аралығында  Антенатальді бақылау тақырыбында Шымкент қаласында білімін жетілдірген.

  • 2014 жылы жатыр мойнының қатерлі ісігі бойынша Кольпоскопия аппаратын меңгеріп куәлігін алған.

  • 2014 жылы Алматы қаласында РМҚК АМДБЖИ Денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөнінде қайта даярлықтан өтіп куәлік алған.

  • 2015 жылы Басқару ұйымдастыру(организатор) мамандығы бойынша 2ші категория алған.

  • 2016 жылы акушерия-гинекология мамандығы бойынша 1 ші категория алған.

  • 2016 жылы ХҚТУ –не Денсаулық Саласының Менеджменті  және Басқару магистратурасына түсіп 2 курсын оқуда.

  • 2014-2017 жыл аралығында қосымша отбасын жоспарлау кольпоскопия аппаратын түсіріп,ДЭК аппаратымен және кіші операцияларды жасауда.атап айтканда: Жатыр мойнының  конизациясы, Полипэктомия,Наботовый кисталарды жарып алу және куйдіру,кіші медицианлық түсіктер т.б.

  • Эстетикалық гинеколгия :Плазмолифтинг,сужение влагалища с филлерами коррекция половых губ итд.

  • 2016 жылы Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы РМҚК ОҚ филиалында Кәсіби патология және өнеркәсіп орындарындағы жұмысшыларға медициналық жәрдемді ұйымдастыру бойынша білімін жетілдіріп куәлігін алған.

  • 2014-2017 жж Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғауті қорғау жөнінде оқу бағдарлама курсын аяқтап куәліктерін алған.

  • 2017 жылы Еңбек медицинасы,кәсіби патология және өнеркәсіп экологиясы институты мекемесінде Денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша Медициналық ұжымдарды ұлттық аккредитацияға дайындау циклын өтіп куәлік алған.

  • 2017 жылы Ұрықтың кардиотокографиясын:өткізудің әдісі,КТГ көрсеткіштеріне байланысты әйелдерді бақылау тактикасы циклы бойынша оқып куәлік алған.

Жеткен жетістіктерімен шығарған мақалалары:  2003 жылы 11 ғылыми конференцияға қатысып 1ші орынға ие болған.2004 жылы 12 ғылыми конференцияға қатысып 2ші орынға ие болған.2012-2016 ж аралығында 4 рет қалалық телевиденияға Тұран – Түркістан бірнеше мақалалармен шыққан.2 рет Шымкент –Қазақстан телевиденияларына  мақалалармен шықты.10 шақты қалалық газеттерде мақала шығарған.ХҚТҮ-нін акушерия-гинекология кафедрасында шыққан акушериядағы өзекті мәселелер мақаласының авторының қатарында.

Алған марапаттаулары:  2012 жылы Түркістан қала әкімінен мақтау грамотасын алған.2012 жылы ТҚЕ бас дәрігерінен алғыс хатын алған.2013 жылы Нұр отан партиясынан мақтау грамотасын алған.2013 жылы облыстық депутуттар кеңесінен мақтау грамотасын алған. құрмет грамотасын алған.2017ж Түркістан қала әкімінің алғыс хатын алған.2014 жылы ТҚЕ бас дәрігерінен мақтау грамотасын алған.2015 ж медицина күніне орай Облыстық департамент басшының құрмет грамотасын алған. 2017 жылы ҚР Ұстаз жолы қоғамдық қорынан Елеулі еңбегі төсбелгісін алған. 2017 жылы  медицина күніне орай Облыстық департамент басшысының құрмет грамотасын алған.2018 жылы Алтын дәрігер төсбелгісін алған 8 наурызда.Түркістан қаласының әкімінің құрмет грамотасы 2018жылы 8 наурызға.  2018 ж 16 желтоқсана Облыстық денсаулық сақтау басшысынан Құрмет грамотсымен мараппатталған.

Қосымша атқаратын қызметтері: 2015 жылдан бері қосымша ХҚТҮ-де акушерия –гинекология кафедрасында мұғалім қызметін қоса атқаруда.06.10.2017 жылы аудандық қалалық АНУ бойынша кординатор болып тағайындалған. 2014-2017 жыл аралығында қосымша отбасын жоспарлау кольпоскопия аппаратын түсіріп,ДЭК аппаратымен және кіші оталарды жасауда.

Мақсаты: Медицина саласындағы жоғарғы білікті маман болу.Ана және бала өлімінің көрсеткішін азайту мақсатында аянбай жұмыс жасау.Халық денсаулығын нығайту және  туу жасындағы әйелдерді сауықтыру.

Жеке қасиеттері:

- Қазақ,орыс,түрік тілдерін еркін менгерген,ағылшын тілін жақсы меңгерген.

- Компьютерлік білімі бар жақсы меңгерген,қазіргі таңдағы жұмыс барысындағы бағдарламалармен еркін жұмыс жасайды.

- Музыкамен бимен айналысады.Ұлттық құндылықтарды нағыштайды.

- Еңбекқор,намысшыл,әділ,жауапты,мейірімді.

Жанұя жағдайы: Отбасылы,2 балалы.

Күте тұрыңыз, жүктеу жүріп жатыр
Бердыкулова Динара Махамбетовна