Созақ аудандық орталық ауруханасы стационарлық медициналық көмек, стационарды алмастыратын, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, мектеп медицинасы бойынша қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ТМККК шеңберінде балалар мен ересектерге консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.
Амбулаториялық-емханалық көмек уәкілетті орган бекітетін денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес көрсетілетін профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын қамтиды.
Аудандық аурухананың ұжымында жоғары және бірінші санатты дәрігерлер мен медбикелерден тұратын 1049 қызметкер жұмыс істейді.
Дәрігерлер мен медбикелердің кәсіби сауаттылығының деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын 20-25 дәрігер, 40-тан астам медбике мамандандыруға жіберіледі.
Профилактикалық қызметтер:
- профилактикалық тексерулер
- иммундау
- профилактикалық емдеу
- санитарлық-гигиеналық
- эпидемияға қарсы іс-шаралар
- қауіпсіз сумен жабдықтау және тиімді тамақтану бойынша түсіндіру жұмысы
- салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша түсіндіру жұмысы.
Диагностикалық қызметтер:
- БМСК маманының қарауы
- бейінді мамандардың қарауы
- аспап арқылы зерттеулер
- зертханалық зерттеулер
Емдеу қызметтері:
- шұғыл көмек көрсету
- стационарда емдеу
- жоспарлы емдік манипуляциялар.
Емдік манипуляциялар инъекцияларды, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге физиопроцедураларды, медициналық ұйымның шығыс материалдарын пайдалана отырып хирургиялық, гинекологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаторлық рәсімдерді, сондай-ақ уәкілетті орган бекітетін аурулар түрлерінің және халықтың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге (оның ішінде тегін/жеңілдікпен) арналған рецептілердің үзінді көшірмелерін қамтиды.
Созақ аудандық орталық ауруханасының бөлімшелері: