ЖИТС-тың алдын алу
және оған қарсы күрес жөніндегі
Қостанай облыстық орталығы ерекше үлгідегі
емдеу-алдын алу мекемесі болып табылады, оның қызметі облыс көлемінде
АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың алдын алу, диагностикалау және емдеу шараларын
ұйымдастыруға және үйлестіруге бағытталған. 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы
жағдай бойынша облыста 2151 АИТВ жұқтырушы, 157 ЖИТС-пен ауыратындар
тіркелді.
Орталықта 25 дәрігер жұмыс
істейді, оның ішінде 7 дәрігердің жоғары біліктілік
санаты бар.
Жобалық қуаты - ауысымына 50 келушіден кем емес
Қызметтеріміз:
- АИТВ-ға алғашқы тексеру (ересектер мен балалар) және тестілеу нәтижелерін растау
- Пациенттің денсаулық жағдайын клиникалық бағалау: зертханалық зерттеулер (иммундық мәртебесі, вирустық жүктемені анықтау, шартты патогенді инфекциялардың диагностикасы, қанның биохимиялық және клиникалық талдаулары)
- Антиретровирустық препараттармен емдеу (себебін анықтап өзіндік емдеу),
- Шартты патогенді инфекциялардың, басқа да ілеспе аурулардың алдын алу және емдеу
- АИТВ-ның анадан балаға берілуінің ретровирусқа қарсы алдын алуды жүргізу
- Өмір бойы диспансерлеу (пациенттің денсаулық жағдайын динамикада бақылау)
- Құпиялылық принциптерін ескере отырып, анықталған ілеспелі аурулардың бейініне сәйкес жалпы емдеу желісі ұйымдарына жіберу
- Кеңес беру, психологиялық қолдау
Сонымен қатар ЖИТС ОО-да Достық кабинеті жұмыс істейді, онда халықтың осал топтарына тегін және жасырын негізде ЖЖБИ диагностикалау және емдеу, сондай-ақ өтініш білдіргендерді мүшеқаптармен және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетіледі. Мұнда мамандандырылған, білікті медициналық көмек алу үшін тері-венерологиялық және басқа да медициналық ұйымдарға жолдама алуға болады.
АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмекті заң кеңесшісі көрсетеді. Сонымен қатар ЖИТС ОО жанында 2 білікті психолог, педагог, журналист, 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
Облыста қызмет көрсетеді:
- 42 жасырын тестілеу кабинеті
- 40 психоәлеуметтік кеңес беру кабинеті. ПӘК кабинеттерінің мамандары АИТВ/ЖИТС бойынша тестіге дейінгі және кейінгі сапалы кеңестер береді, АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупінің деңгейін бағалауды жүзеге асырады, АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупін төмендетуге ықпал ететін мінез-құлық пен дағдыларға үйретеді.
- 11 сенім пункті: 9 стационарлық (8 - ЕПҰ жанында, 1 - ЕПҰ-дан тыс) және 2 мобильді. Стационарлық сенім пункттері Қостанай қ. бойынша 4 жерде бар: Рудный қ. - 2: Қашар қ.ү.а. - 1, Қарабалық ауданында - 1, Лисаковск қ. - 1. Сенім пункттерінде медицина және әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ 15 аутрич - қызметкер – халықтың осал топтарынан немесе "тең-теңімен" қағидаты бойынша жұмысқа тәуелді адамдар жұмыс істейді.
ОО жанында тиімді оқыту үшін қазіргі заманғы мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған 50 орындық заманауи ресурстық орталық жұмыс істейді. Облыстық ЖИТС орталығы бес автокөлікпен жабдықталған.
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығының бөлімшелері:
• Эпидемиология бөлімі
• Емдеу-алдын алу бөлімі
• Профилактикалық жұмыстар бөлімі
• Диагностикалық зертхана
• Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі