Информация о клинике
Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы
Басқа мамандануы
+7 (7242) ****
0
0 пікір

Облыстық психикалық денсаулық орталығы аймағымыздағы ең үлкен медициналық мекемелердің бірі болып табылады. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық наркологиялық орталық пен психоневрологиялық орталық бірігіп, жаңа мекеме құрылды. Бұл бастама облыс әкімдігінің өкіміне сәйкес, «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Нәтижесіне, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі артып, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөліне басталды. 

Біздің орталық екі мекемеден құралғандықтан, олардың тарихы да әртүрлі. Алдымен, бұрыңғы облыстық психоневрологиялық орталықтың тарихына тоқталып кетейік. 

Ең алғаш жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға арналған аурухана 1907 жылдың 1 қыркүйегiнде Перовск /қазiргi Қызылорда/ қаласында ашылды. 49 орындық емдеу мекемесінің ашылуы облыс тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі болатын. 

1932 жылдан бастап дәрігерлер емдеу процесіне еңбек терапиясын кеңінен енгізе бастады. Ер науқастар шеберханаларда жұмыс жасаса, әйелдер тігін тігіп, тоқыма тоқитын болды. Дәл осы жылы емдеу мекемесінің базасында клиникалық – диагностикалық лаборатория мен физкабинет ашылды. Жаңадан емдеу әдістемелері енгізілді. Осы уақыт аралығында орталыққа науқастар көрші облыстардан тасымалдана бастады. 

Ұлы Отан соғысы жылдары аурухана әскери госпиталь ретінде пайдаланылды. Сондай –ақ, осы жерде Крым мемлекеттік медициналық институтының психиатрия және невропатология кафедрасы жұмыс жасаған болатын. 

1975 жылы «Қараөзек» психиатриялық ауруханасы мен балалар психиатриялық ауруханасы біріктіріліп, облыстық психоневрологиялық ауруханасы құрылды. 620 орындық емдеу мекемесі қызылордалықтарға медициналық көмек көрсететін болды. 

2000 жылдың маусым-шiлде айларында Қызылорда қаласының әкiмiнiң шешiмi бойынша аурухана бұрынғы психохронниктер интернатының үйiне көшiрiлдi. Қызметкерлердiң өз күшiмен жұмыс орындары ретке келтiрiлдi. Барлық бөлiмшелерде аурулар дем алатын орындар, палаталар, егу-емдеу бөлмелерi, асханалар қайта жөнге келтiрiлдi және канализация жүйелерiмен жылу жүйелер жүргiзiлiп, iшкi жарықтандыру жүйелерi ауыстырылды. Залалсыздандыру бөлмесi, ЭЭГ кабинетi, рентген кабинетi, 8 аурулар дем алатын орындары мен әжетханалар, 9 сарай 5 гараж, элеватор жүйесi және мұздатқыш қоймасы қайта салынды.

2007 жылдың қыркүйек айында аурухананың 100 жылдық мерей тойы аталып өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен өткен Республикалық конференцияға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің психиатрия, психотерапия және психология институтының өкілдері, басқа облыстық психоневрология ауруханларының және диспансерлерінің басшылары, шет елдегі озық клиникалардан профессорлар, сонымен қатар ардагерлерде қатысты.

2017 жылдың соңына қарай, «Облыстық психоневрологиялық ауруханасы» «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» болып атауы өзгерді. Бүгінгі таңда орталық 330 орынға жабдықталған. Оның ішінде 9 бөлімше жұмыс жасады.

Ал, ендігі кезекте бұрыңғы облыстық наркологиялық орталықтың тарихына тоқталсақ. Аталмыш мекеменің тарихы ХХ ғасырдан бастау алады. Ең алғаш наркологиялық бөлімше 1907 жылы Земскі жүйке жүйесі аурулар ауруханасының жанынан ашылды. Бұл уақытта мұнда ішімдікке тәуелділігі бар науқастар мен наркотикалық заттарға уланып қалған азаматтар емделген болатын. 

Облыс аумағында ең алғаш 1982 жылы 60 төсектік наркологиялық диспансер ашылды. Жаңа емдеу мекемесінің бас дәрігері болып Марат Қалмаханов тағайындалған болатын. Дәрігердің кәсіби біліктілігінің арқасында орталықтың жұмысы жанданды. Білікті мамандар жұмысқа алынып, науқастарға емдеу шараларын жүргізді. 

255 төсек-орынға есептелген наркология орталығының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, 2002 жылы облыстық аурухананың бқрыңғы ғимаратына көшіруге байланысты жақсара түсті. Нәтижесінде, 2006 жылы қосымша 30 орындық реабилитациялау бөлімшесі пайдалануға берілсе, 2017 жылы Баймұрат елді-мекенінде 40 төсек орынға есептелген үшінші кезеңдегі медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі ашылды. Есірткіні ине арқылы тұтынатын науқастар арасында АҚТК/ЖИТС індетін төмендету мақсатында, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Алмастырушы қолдаушы терапия» кабинеті жұмыс істей бастады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында құжаттар айналымы электронды жүйе арқылы жүзеге асырылып, облыстағы наркологиялық дертке шалдыққан сырқаттардың тізімі «Наркологиялық сырқаттардың электронлық регистрі» ақпараттық жүйеге енгізілді, емделушілерді психологиялық компьютерлік тесттен өткізу жұмыстары да қолданысқа енгізілді. 

Соңғы жылдары орталыққа: психотерапевт, стоматолог, физиотерапевт, невропотолог, терапевт мамандарының штаты енгізілгені дәрігерлердің науқастармен жұмысын жеңілдетті. Психолог мамандардың саны артып, алғаш рет физиотерапевтік және психотерапевтік кабинеттер ашылумен біргежаңа медициналық құралдар алынып, педагогтық тәрбие беру мен лабораториялық – токсикологиялық қызметінде жаңа технологиялар енгізілді. 

Облыстық наркологиялық орталықтың бастамасымен Қызылорда қаласындағы ірі өндіріс орындары мен мекемелерінде, орта және жоғары оқу орындарында, мектептерде наркологиялық бекеттердің жұмысы жандандырылды. Науқастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында Орталықта жазғы спорттық алаңдары мен серуендер орындары ашылды. 

Орталық атқарып отырған қызметімен бірге, шығармашылықты да қалыс қалдырған емес. 2003 жылы нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күреске мүдделі мекемелердің басқосуын ұйымдастырған орталық үжымы «Облыстағы үздік емдеу – профилактикалық мекемесі» атағын жеңіп алғаны қажырлы еңбектің нәтижесі. 2004 жылы орталықтың мамандары «Наркологиялық атаулардың орысша-қазақша сөздігі» монографиясы жарық көріп, әріптестерінің таптырмас оқу – құралына айналды. 

2010 жылдан бастап «Сыр психология әлемі» атты психология, психиатрия және наркология мекемелерін қамтитын қазақ тіліндегі айлық газет шығарылу дәстүрге айналды. Сонымен қатар, «Наркологиялық, араққорлық  - адамзаттың қас жауы» атты кітаппен «Практикалық психология, психотерапия» сериясымен өзге де бірнеше жинақ жарық көріп, 2015 жылы наркологиялық орталық «Қаланың ең үздік медициналық мекемесі» атағын алды. 

Бүгінгі таңда облыстық наркологиялық орталығының жеткен жетістіктері жетерлік. Орталықта білікті мамандар еңбек етеді. Еңбек терапиясы аясында емдеу мекемесінде тігін цехы жұмыс жасайды. Науқастардың спортпен шұғылдануына қажетті барлық жағдайлар жасалған. Осыдан бірнеше жыл бұрын емдеу мекемесі бұрынғы облыстық аурухана ғимаратына көшкен болатын. 


Қызылорда облыстық психикалық денсаулығының бөлімдері:

  • Қабылдау бөлімі
  • 1-і ерлер бөлімшесі
  • 2-і ерлер бөлімшесі
  • 3-ші невроздарға және шекаралық жағдайларға арналған бөлімше
  • 4-ші әйелдер бөлімшесі
  • 5-ші әйелдер бөлімшесі
  • 6-ші психотуберкулездік бөлім
  • 7-і ерлер бөлімшесі
  • 8-ші балаларға және жасөспірімдерге арналғанбөлімшесі
  • Ауруханалық дәріхана
  • Диспансер бөлімі
  • Клинико-диагностикалық зертхана
  • Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім
  • Күндізгі стационар


Күте тұрыңыз, жүктеу жүріп жатыр
Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы