Түркістан облысы, ШЖҚ «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКК аудан бойынша көп профилді аурухана. Ауруханада балалар, ішкі аурулар, жүрек-жүйке, оталау, жарақат, перзентхана, гинекология, хирургия, жансақтау, физиотерапия, рентген, зертхана, дәріхана, қабылдау, телемедицина, жұқпалы аурулар бөлімі.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты 76 медициналық
емдеу нысандары халыққа қызмет көрсетуде. Қызмет көрсетіп жатқан медицина қызметкерлері - 2212.
- 1 - аудандық аурухана, жұқпалы аурулар бөлімшесімен
- 6 - ауылдық аурухана
- 1 - аудандық ауруханаға қарасты емхана
- 4 - бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы (БМСККО).
- 18 - дәрігерлік амбулатория (ДА)
- 28 - фельдшерлік акушерлік пункт (ФАП)
- 16 - медициналық пункт (МП)
- 1 - тері мерез бөлімі
- 1 - туберкулез бөлімі
- 1 - IVсанатты жедел медициналық жәрдем бекеті
Аудандық аурухана 512 тәуліктік төсек орнымен және 109 күндізгі емхана төсек орнымен қамтылған.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында инсульт орталығы 20 төсек орынға арналып 2018 жылдың 23 қараша айында ашылды. Оның ішінде 6 төсек орын интенсивті терапия палатасы, 14 төсек орын ерте оңалту палатасы. Қазіргі таңда Сарыағаш ауданы жедел бас-ми қанайналымы бұзылған науқастарын анықтап, медициналық көмек көрсетуде. Қабылдау бөліміне жеткізілген бас-ми қанайналымы бұзылған науқастарды тез арада компьютерлік томографияға түсіріп инсульт орталығына жатқызып керекті емін дер кезінде береміз.
Паспорт Сарыагашская центральная районная больница