Информация о клинике
"ШАПАҒАТ" медицина орталығы
Көпсалалы
+7 (71333 ****
3
2.3
3 пікір

"Шапағат" медицина орталығы 1940 жылы соғысқа дейінгі уақытта Қандыағаш қаласында темір жол ауруханасы ретінде құрылған. Бүгінгі күні «Шапағат» заманауи клиника болып табылады, онда ондаған жылдар бойы тексерілген ауруларды диагностикалау мен емдеудің әдістері және қазіргі заманғы медицинаның жаңалықтары үйлесім тауып келеді.

Орталықта барлық маманданған дәрігерлер қабылдау жүргізеді: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, гинеколог, хирург.

Біздің дәрігерлер үнемі біліктілікті арттырудың бейінді курстарына қатысып отырады.

Клиника тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында тіркелген тұрғындармен жұмыс істейді, сондай-ақ ақылы бөлімше бар.


Мекемені тіркеу күні: 22.04.2003 ж.

2003 жылдан бастап аурухана ДДСҰ «Health Promoting Hospitalis» (HPH), «Денсаулықты жақсартуға жағдай жасайтын аурухана», «Салауатты өмір салты ауруханасы» жобасымен жұмыс істейді.

2011 жылы аурухана Халықаралық Сократ комитеті Еуропалық Бизнес Ассамблеясының (Е.В.А.) "EUROPEAN Quality AWARD" («Еуропалық қызмет сапасы») халықаралық марапатына және 2014 жылы аурухана ұжымы халықаралық SIQS Швейцариялық сапа сертификатына ие болды. 

2017 жылы аурухана жаңартылған халықаралық стандарттар бойынша аккредиттеуден өтті.

Емделушілерге ыңғайлы болу үшін біз сенбі күндері жұмыс істейміз!


Бөлімдер

Педиатрия

Балалар ауруын емдеу

Гинекология

  • Жыныстық жолмен берілетін жасырын инфекцияларды диагностикалау және емдеу
  • Жүктіліктің соңына дейін жетпеуін, бедеулікті емдеу
  • Кіші жамбас органдарының созылмалы ауруларын емдеу: аднексит, кольпит, жатыр мойнының жарасы
  • Кіші жамбаста өскіні бар емделушілерді қадағалау: фибромалар, жатыр миомасы
  • Гормональды, соның ішінде етеккір үзілісінен кейінгі өзгерістерді түзеу

Неврология

  • Невралгия, эпилепсия, остоехондроз, инсультқа шалдығу
  • Орталық және перифериялық жүйке жүйесімен байланысты ауруларды бастапқы кезеңде диагностикалау
  • Дәрі-дәрмекпен емдеуді жазып беру
  • Омыртқа жотасы ауруларын емдеу және алдын-алу
  • Инсульттан немесе басқа да күрделі аурулардан кейін қалпына келтіру
  • Қолмен емдеу және емдік массаж
  • Жүйке жүйесі ауруларының алдын алу 

Кардиология

  • Кәсіби тұрғыда кеңес беру және зерттеу
  • Ем тағайындау және жүргізу
  • ЭКГ жасау, оны түсіндіру
  • Пациенттің жүрегіне жіті бақылау жүргізу
  • Күретамырлы қысымның көтерілуін, жүректің ишемиялық ауруын, жүрек ырғағының бұзылуын, жүре пайда болған және туа біткен жүрек кемістігін, эндокардитті және миокардитті емдеу

Травматология және ортопедия

  • Буынның дегенерациялық аурулары: жамбас, тізе, шынтақ 
  • Спортты ортопедия және травматология
  • Жараны, күйікті, соғып алуды, үсікті өңдеу
  • Түрлі деңгейдегі гипстар таңу
  • Шыққан жерлерді салу
  • Майтабан, арқа омыртқаның қисаюын диагностикалау мен емдеуде кеңес беру
  • Арқаның бұзылуын емдеу және алдын алу
  • Липомдарды, фибромдарды, жүйке түйіндерін алып тастау 

Хирургия

  • Лазерлі технология 
  • Эндовидеохирургия
  • Тік ішектің айналуын отасыз емдеу
  • Инновациялық патенттер негізінде күрделі күйіктерді емдеу
  • Магнитті-лазерлі технология әдісімен асқорыту органдарының ауруларын, қимыл-тірек аппаратын емдеу 

Стоматология

Ересектер мен балалардың тісін жұлу, тісжегін емдеу 

Диагностикалау

Жұмыс тәжірибесі мол жоғары білікті дәрігерлер әрбір емделушіге зор ықыласпен қарайды. Диагностикалық аппаратуралар денсаулық қорын және патологияның көріну деңгейін дәл бағалауға мүмкіндік береді.  

Зерттеуден өткеннен кейін біз емделушіге организмнің жай-күйі туралы толық ақпаратты, байқалған ықтимал диагноздардың тізімін ұсынамыз. Содан кейін денсаулықты жақсартудың жеке бағдарламасын таңдаймыз, оның ішінде алдын алу шаралары да бар.

Қызметтер  

Физиотерапевтік бөлім:

  • Амплимпульс, Д''Арсенваль
  • Токи Бернара
  • УЖЖ, УДТ
  • Магнитті лазерлер, парафин, озокерит, небулайзерлі ингаляция, вибротракция
  • Интратон - электростимулятор, простатитті емдеуге арналған аппарат
  • Интрафон – бүйрек, ішек және өт шығару жолдары қызметін жақсартуға арналған дыбысты аппарат
  • Инфитотерапия -  импульсты төмен жиілікті шағын кернеулікті электр өрісінің көмегімен неврологиялық ауруларды емдеу 
  • Аэроионотерапия – иондалған ауаның көмегімен асқазан-ішек жолдары, жүйке жүйесі, тыныс жолдары ауруларын емдеу
  • Эндотон – электрлі гастроэнтеростимулятор, АІЖ ауруларын емдеуге арналған аппарат
  • Лазерлі АЖЖ-терапияға арналған жаңа буын аппараттарыМильта-Ф-8-01, MAGNETOBOX
  • Массаж

Клиникалық-диагностикалық бөлім:

  • Рентген
  • Флюорография
  • Спирография
  • Гастродуоденофиброскопия
  • ЭКГ
  • УДЗ
  • ЭЭГ

    Күте тұрыңыз, жүктеу жүріп жатыр
    "ШАПАҒАТ" медицина орталығы