Облыстық туберкулезге қарсы диспансер туберкулезге қарсы мекемелердің контингенттеріне орталықтандырылған бақылауды, науқастарға кеңес беруді, стационарлық, соның ішінде туберкулезге қарсы мекемелер мен облыстың басқа да емдеу-алдын алу ұйымдары жіберген туберкулезбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеуді жүзеге асырады. Туберкулезге қарсы мекемелерге ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету және басқа емдеу-алдын алу ұйымдарымен туберкулезге қарсы іс-шараларды өткізу. Облыстық туберкулез диспансері балалар мен жасөспірімдерге стационарлық емдеу жүргізетін облыс бойынша жалғыз туберкулезге қарсы мекеме болып табылады.
2002 жылы операциялық блогы бар өкпе-хирургиялық бөлімшені, реанимация бөлімшесін, бактериологиялық зертхананы орналастыра отырып, 70 төсекке арналған жаңа емдеу корпусы пайдалануға берілді. Балалар-жасөспірімдер бөлімшесі мен емханасына күрделі жөндеу жүргізілді.
Диспансердің рентген-диагностикалық бөлімшесінде келесі тексеру түрлері
жүргізіледі:
- көкірек
қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
- көкірек
қуысы мүшелерінің рентгеноскопиясы
- сүйек-буын жүйесін
рентгенологиялық зерттеу, спондилография
- Өкпе томографиясы
- Контрастпен
несеп-жыныс жүйесінің урографиясы
- контрасты
сальпингография
- контрасты фистулография
Ультрадыбыстық зерттеу:
- Қалқанша безінің, сүт
безінің, үстіңгі лимфалық түйіндердің, құрсақ
қуысының (ұйқы безінің, бауырдың, өт қабының, көкбауырдың) ультрадыбыстық
диагностикасы
- Ішастар арты кеңістігінің
ағзаларын УДЗ (бүйрек, бүйрекүсті бездері)
- Кеуде қуысы
ағзаларының УДЗ (өкпеқап қуысы)
-
эхокардиография
- Әйелдерде кіші жамбас ағзаларының, еркектерде қуықалды безінің УДЗ
Қызметтік диагностика:
- ЭКГ
- Спирометрия
- Артериялық қысымды тәуліктік мониторлау (АҚТМ)
Эндоскопиялық зерттеулер:
- Фибробронхоскопия
-
Фиброгастродуоденоскопия
- Эндотрахеальды құю
Физиоемдеу:
- УЖЖ терапия
- Ингаляция
- Ультрадыбыс
- Электрофорез
Жабдықтар:
Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде "Рентген-40" стационарлық рентген аппараты жаңғыртылды. Стационарлық электрокардиограф, компьютерлік спирограф, клиникалық зертхана үшін биохимиялық анализатор сатып алынды. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің жалпы ағынын зарарсыздандыру үшін жаңа хлорлағыш қондырғы салынды.
Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бөлімшелері:
- І терапия
бөлімшесі
- 2 терапия
бөлімшесі
- 3 терапия
бөлімшесі
- 4 сезімтал түрлерді
емдеу бөлімі
- Өкпе-хирургиялық
бөлімше
- Өкпеден тыс
хирургиялық бөлімше
- Реанимация
бөлімі
- Мәжбүрлеп емдеу
бөлімшесі
- Дәрілік бөлім
- Созылмалы бөлімше
- Диспансерлік бөлімше
- Рентген-диагностикалық бөлімше
- Клиникалық-диагностикалық зертхана
- Бактериологиялық зертхана