Ленгер қалалық ауруханасы Ленгер қаласының және Төлеби ауданының жақын жатқан тұрғындарына хирургиялық, терапевтік, педиатриялық және акушерлік-гинекологиялық бейінді шұғыл және жоспарлы түрде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Аурухана 205 орынға арналған.
Ауруханада біліктілік санаты бар дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер көмек көрсетеді. Оның ішінде 9 жоғары санатты, 11 бірінші санатты, 10 екінші санатты дәрігерлер бар.
Хирургия бөлімінің операциялық блогы жаңа жабдықтармен жабдықталған және заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді.
2014 жылы терапия бөлімшесінде және балалар бөлімінде оңалту төсектері қойылды.
2015 жылы бактериологиялық зертхана ашылды.
Физиотерапия бөлімшесінде "Крион КАЭТ-01"қондырғысымен емдеу және оңалту жүргізіледі.
Ауруханада жаңа медициналық жабдықтар енгізілді:
- "Crossvent-4" ӨЖЖ, АҚШ
- Дефибриллятор "Cardiolife", Жапония
- Нәрестелерге арналған ӨЖЖ "SLE-2000", Ұлыбритания
- Нәрестелік монитор FC 1400, Корея
- ЭХВЧ -350-03 "Фотек", Ресей
- "CLEArVuE 550 Philips" УДЗ, АҚШ
Ленгер қалалық аурухана бөлімшелері: