Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?

"Чайка" санаторий облыстық деңгейдегі күндіз-түні балалар жататын мамандырылған туберкулезге бейінделген медициналық ұйымға жатады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен жасалған келісімшартқа байланысты, санаторий балалардың туберкулездің жұқпайтын белсенді шектелген түрін, қолдау сатысындағы, сонымен қатар КДТ ТБ-ын емдейді алғаш анықталған ТМБ-ын жұқтырғандармен тубқатынаста болғандарға химиопрофилактика жүргізеді.
Емделіп және сауықтырылып жатырған балалар 2 бөлек тұрған емдеу корпустарына орналастырылады.
Аурудың ерекшелігін және санаторийде ұзақ мерзім жататындығы ескеріліп, жалпы білім беретін орта мектеп (орыс және қазақ кластары) көлемінде балаларды оқыту ұйымдастырылған.
Санаторийдің қуаты - 150 кереует, оның ішінде 15 бала туберкулездің белсенді түріне,135-і санаторлық топ балаларына арналған.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- Фтизиатрия, педиатрия, стоматология мамандықтары бойынша балаларға стационарлық медициналық көмек.
- Офтальмология, рентгенология, зертхана және функционалдық диагностика бойынша кеңестік-диагностикалық көмек.
- Медициналық қалпына келтіру: массаж, физиотерапия, емдік денешынықтыру.
- Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында емделушілер арасында санитарлық-ағарту жұмысы.
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін орта білім аясында білім беру қызметі.