Біздің команда. Серіктестік және ынтымақтастық



"МедЭлемент" медициналық ақпараттық платформасы - бұл дәрігерлер мен медициналық ұйымдарға, медициналық студенттерге және өз денсаулығының жай-күйіне қамқорлық жасайтындардың барлығына арналған "бұлтты" сервистер және анықтамалық жүйелер.  

"МедЭлемент" жобасымен жұмысқа тәжірибелі клиницист дәрігерлер, бағдарламашылардың кәсіби командасы, сондай-ақ басқа салалардың мамандары мен сарапшылары қатысады.  

Біздің командамыз медицинада ақпараттық жүйелерді дайындау мен менеджментте 20 жылдық тәжірибеге ие. Осының арқасында біз платформада дәрігерлерге де, емделушілерге де ең пайдалы және ыңғайлы медициналық веб-қызметтерді жасаймыз. 

"МедЭлемент" платформасы -  бұл ашық жоба. Сіз біздің командамыздың бір бөлігі бола аласыз немесе ресурстарды дамытуға және жетілдіруге көмектесе аласыз!

  • Дәрігерлер мен халық үшін ақпараттық және оқыту материалдарын (мақалалар, бейне) жасау үшін денсаулық сақтау, денсаулық және салауатты өмір салты саласындағы медицина мамандарын, сарапшыларды  ынтымақтастыққа шақырамыз. 

  • Е-health, жүйелерді интеграциялау және тәжірибе алмасу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін әзірлеушілерді ынтымақтастыққа шақырамыз. 
  • Қазақстанда "МедЭлемент" МАЖ жылжыту және сату үшін IT-компанияларды ынтымақтастыққа шақырамыз.
 "МедЭлемент" платформасымен серіктестік және ынтымақтастық  

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы)  
  • Өзбекстанның инновациялық денсаулық сақтау ұлттық палатасы  
  • "Софтгарантсервис" ЖШҚ (Беларусь)
  • Қазақстандық блокчейн және криптовалюта қауымдастығы  
  • ҚР ДСМ Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы 
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ  
  • Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің Анестезиология және реаниматология кафедрасы (бұрынғы АМДБЖИ) 
  • "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі (ТК 34 техникалық комитетіне қатысу)
  • SOS Medical Assistance, Centras, Коммеск Өмiр (әлеуметтік жоба - "Dariger Pro" мобильді қосымшасы)
  • Beeline-Қазақстан (әлеуметтік жоба - "Dariger" мобильді қосымшасы)
  • Еуропалық қайта Құру және даму банкі (BAS бағдарламасының консультанты)  

Жобаны консультативтік қолдау  
(Көмек үшін көп рахмет!)   

Вадим Чурсин - дәрігер-анестезиолог, м. ғ. к., доцент, ҚазМҮББУ Анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі
Дмитрий Надиров - "Еуропалық сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы
Ибрагим Мирзоев - тіс дәрігері, имплантант, ортопед, ICOI мүшесі (Халықаралық имплантанттар қауымдастығының конгресі)  
Джамиля Садыкова - қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, "Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының басшысы  
Александр Шинкаренко - жалпы тәжірибелік дәрігер, отбасылық дәрігер (американдық отбасылық дәрігерлер академиясының мүшесі)
Молекулалық медицина орталығы (Алматы) - қазақстандық жеке медициналық-генетикалық клиника
Айжан Амержанова - оқу-әдістемелік басқару жөніндегі бас маман (Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі)  

Біздің команда  

Ақпараттық және анықтамалық сервистер редакциясы  

Евгений Макаревич - жобаның медициналық кеңесшісі, "Аурулар анықтамалығы" жобасының медициналық редакторы  
Талант Иманалиевич Кадыров - жалпы практика дәрігері, хирург, "Әлемдік медициналық мерзімді басылымдарға шолу" бөлімінің авторы және редакторы
Екатерина Барышева  - кардиолог дәрігер, медициналық редактор
Эльвира Алимова  - эндокринолог дәрігер, медициналық редактор
Надиля Шилтерханова - медициналық сарапшы

Бізге хабарласыңыз:
office@medelement.com