Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында ежелгі замандардан орын алған.
Әз-Наурыз мерекесіне орай Сарысу аудандық орталық ауруханасында ұлттық дәстүріміз ұлықталды.
Ұлыстың ұлы күніне арналған кеште аудандық орталық аурухана бас дәрігері Айнұр Тұяқбайқызы ұжымдастарды мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ұлттық нақышта киінген ақ халатты абзал жандар «Тұсау кесер», «Сырға салу» салт дәстүрлерінен қойылым қойды.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Қазына Искаковна тарапынан ақ дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.