1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Қостанай қалалық ауруханасына сыртқы кешенді бағалау жүргізу туралы

Қостанай қалалық ауруханасына сыртқы кешенді бағалау жүргізу туралы


2025 жылдың 28-30 қазан аралығында Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу аясында сыртқы кешенді бағалау жүргізілуде.

Аккредиттеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.

Комиссия жұмысының бірінші күнінде аурухана әкімшілігі сарапшыларды медициналық ұйымның қызметімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен таныстырды.

Сапар барысында комиссия жарақат пунктінде, қабылдау бөлімшесінде және стационарда болып, ондағы медициналық көмек көрсету жағдайларымен, материалдық-техникалық базамен және емдеу процесін ұйымдастырумен танысты.


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту