1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. «ARBA market»-де тұрғындарға арналған акция өтті

«ARBA market»-де тұрғындарға арналған акция өтті

2019 жылдың 23-24 шілдесінде «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы аясында «ARBA market» ЖШС-де Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Сарыарқа ауданының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапасы департаментінің және ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының мамандарымен бірлесіп супермаркет қызметкерлері мен сатып алушыларына акция өткізді.

Акцияның мақсаты халықтың АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыруға және МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына бағытталған. Іс-шараға қатысушылардың АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтуге және мамандардың кеңесін алуға мүмкіндігі болды. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту