№1 реанимация бөлімшесі

Облыстық   ауруханада 1964 жылы анестезиялық тобы ашылды, кейіннен М.Баязитов басқаратын анестезиология бөлімшесі құрылды. 1968 жылы дәрігер Д.П.Яковенко Тбилисиден білім жетілдіру институтында реаниматология бойынша дәрігерлік мамандандырудан өткеннен кейін облыстық аурухананың бас дәрігері В.М. Әлиевпен бірлесе отырып, реанимация бөлімшесін ашты. Бөлімшеге 2009 жылдан  А.М.Мамиров жетекшілік етуде, аға мейірбике қызметін Т.А.Жүсипова атқарады.  

Бөлімшеде 54 тәжірибелі және жас медицина қызметкерлері жоғары дәрежеде қызмет көрсетеді.         

Қазіргі таңда Түркістан облысы Облыстық клиникалық аурухананың №1 жансақтау бөлімшесіңде: А.Р.Пралиев, Б.Б.Иргашева,  С.С.Сыдыгалиев, Е.Б.Муталиев, М.Н.Байбатчаев, М.А.Саметова, С.С.Курбаналиев, медбикелер: Б.Сатылханова, О.Избасарова, Т.Корганова, Г.Туғанбаева, К.Шекербек, С.Махажанова, З.Жетпісбаева, В.Умарова, Н.Халметова, С.Бекпулатова абыроймен қызметтерін атқаруда. 




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту