Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ЛОР бөлімшесі тәулік
бойы стационардың 20 төсегіне (бөлімшеде жақ сүйек-бет хирургиясы 3 төсегі бар)
және күндізгі стационардың 6 төсегіне арналған. Бөлімше облыс және қала
тұрғындарына мамандандырылған ЛОР және ЖБХ көмек көрсетеді. Аурухананың ЛОР
бөлімшесі жағдайында жыл сайын ЛОР органдарына мыңнан астам операция жасалынады.
Оның ішінде 2020 жылы 140-қа жуық (жүз қырық) құлақ есту қабілетін жақсарту
және 75 құлақ санациялау операциялары, жұмсақ және қатты таңдайдың туа біткен
даму аномалиялары, ерін аномалиялары, кезіндегі пластикалық операциялар. Бұрын тек республикалық орталықтарда
жүргізілген операциялар енді біздің ауруханада да жүргізіліп жатыр. Бөлімшенің
медперсоналы жақын және алыс шетелдерде оқытудан өтті. Қазіргі уақытта
бөлімшеде құлақ, тамақ, мұрын патологиясында қолданылатың күрделі операция
жасауға арналған операциялық микрохирургиялық Karl Zeiss S88 Германия микроскопы,
сонымен бірге NEW Millenium Grand Корея ЛОР
комбайны сияқты барлық қажетті жабдықтар бар. Облыстық аурухананың ЛОР
бөлімшесінің мамандары сізге МӘМС шеңберінде жоғары білікті көмек көрсетуге
дайын.
Облыстық клиникалық аурухананың ЛОР бөлімшесінің меңгерушісі:
Момбаев Қайрат Бердибекұлы.