1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты астаналық ЖИТС орталығы ұжымымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты астаналық ЖИТС орталығы ұжымымен кездесті

2019 жылдың 15 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару жұмысы мен қызметінің негізгі ережелерін түсіндіру аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Т. Ерман Нұр-сұлтан қалалық ЖИТС орталығында болды.

Мәжіліс депутаты М.Т. Ерман Орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, ұжыммен кездесті. Әңгімелесу барысында ұлттық денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау, жас мамандарды, халықтың әлеуметтік маңызды топтарын әлеуметтік қолдау мәселелері, сондай-ақ республиканың заңнамалық актілеріне көрсетілген мәселелер бойынша қабылданған түзетулер мен өзгерістер туралы айтылды.


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту