Қабылдау бөлімі

1880 жылдың аяғында әскери госпиталь базасында халыққа қабылдау бөлімі ашылды. Кейінгі жылдары қабылдау бөлімінде 5 төсектік емдеу кабинеті пайдалануға берілді. 1907 жылдан бастап науқастарды медбике К.Климентьева, фельдшер-акушер С.Криначкина қабылдады. Медбике К.И.Клементьева Облыстық аурухананың қабылдау бөлімінде 40 жылдан астам жұмысын атқарды. Қазіргі уақытта қабылдау бөлімшесінің құрамында пациенттерге шұғыл зертхана, эндоскопиялық кабинет, рентген, УДЗ, жан сақтау, кіші ота бөлмесі және 6 диагностикалық палата көмек көрсетеді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап шұғыл тексеруге және терапияға мұқтаждарды жедел (шұғыл) іріктеу, қажетті медициналық көмек көрсетудің жеделдігі дәрежесі негізінде қабылдау бөлімшесінде пациенттер ағынын рационализациялау (оңтайландыру) және реттеу мақсатында пациенттерді сұрыптау процесін стандарттау жүйесі енгізілді.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту