1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. «Хан Шатыр» сауда ойын сауық орталығында акция өтті

«Хан Шатыр» сауда ойын сауық орталығында акция өтті

2023 жылғы 30 қарашада  Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Хан Шатыр» сауда ойын сауық орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының  мамандары  Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп «Көшбасшылық– қауымдастықтарға» акциясын өткізді. «Астана» медицина университетінің стоматология факультетінің 1 курс студенттері жөне қоғамдық денсаулық сақтаудың  факультетінің 4 курс студенттері келушілердің назарына флешмоб би нөмірін ұсынды.

Бұл акция АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жастардың назарын аударуға және ақпараттандыруға, АИТВ-ға тестілеуден өтуге  ынталандыруға, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыруға бағытталған.

Барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтуге және қысқа уақыт ішінде АИТВ мәртебесін білуге, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы бойынша кеңес пен брошюралар алуға мүмкіндік алды.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту