1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Халықты жедел тестілеу бойынша акциялар жалғасуда

Халықты жедел тестілеу бойынша акциялар жалғасуда

2022 жылғы 23 қарашада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Хан Шатыр» СОСО-да АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың барлық нормаларын сақтай отырып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу бойынша акция өткізді. Бұл акция Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған.

Кез-келген адам құпия және ақысыз тексеруден өтіп, мамандардан кеңес ала алады. «Біздің «Өз мәртебеңді біл!» акциясы АИТВ-ны уақтылы анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға, әсіресе жастарға АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы еске салу мүмкіндігі болып табылады. Биылғы жылдың 10 айды қорытындысы бойынша 82% жағдайда АИТВ - инфекциясы жыныстық жолмен, оның ішінде 60% - кездейсоқ жыныстық қатынас нәтижесінде болған», - деп атап өтті ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы.

Бұл іс-шара жастардың хабардарлық деңгейін, толеранттылықты арттыруға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жоюға бағытталған.





Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту