1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні


Бүгін "Халықаралық балаларды қорғау күні" Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесе отырып, Облыстық клиникалық ауруханасында қызметкерлердің балалары үшін дәстүрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Кішкентай қатысушыларды ОКА басшысы Е.Сұлтанов, басшының орынбасары Л.Д.Цой, кәсіподақ атынан З.В.Сафонова құттықтады. ОКА-ның кішкентай қонақтарына арналған ойын-сауық сайыстар ұйымдастырылды. Сурет конкурстары, әсіресе асфальтқа сурет салу әрдайым балалар арасында танымал. Балалардың қиялында шек жоқ, сондықтан асфальтта "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбындағы балалар шығармашылығының суреттерін көруге болады. Жас қатысушылар арасында әншілер, сондай-ақ ең мықтылар анықталды. Барлық балаларға жазғы демалыста өте пайдалы болатын сыйлықтар берілді - доп, теннис ракеткалар және т.б.  Мереке соңында балаларға "тәтті үстел" ұйымдастырылды.




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту