Физиотерапия бөлімшесі

Облыстық клиникалық ауруханасының физиотерапия кабинеті  1969 жылы  ашылып, ол кездері 1 фельдшер мен 2 мейірбике үш аппаратта қызмет көрсетсе, қазіргі танда бұл заманауй құралдармен жабдықталған халыққа сапалы жоғарғы дәрежеде қызмет көрсететін үлкен бөлімшеге айналған. Бүгінгі таңда физиотерапия бөлімшесінде жарықпен емдеу, электір тогымен емдеу, лазермен емдеу, магнитпен, жылумен емдеу, су асты созу, тракциялық құрғақ созу, гидроколонотерапия, массаж кабинеттері бар.         2009 жылдан бастап, бөлімшеге заманауи үлгідегі шетелдік жаңа апараттар алына бастады. Жалпы  алғанда 40 аппарат іске қосылып тұр. Бөлімшені жоғарғы санатты физиотерапевт - реабилитолог дәрігері Сманова Г.С., аға медбике Рысбаева Л.Е. басқарады.  6 медбике, 2 уқалаушы халыққа сапалы жоғарғы дәрежедегі медициналық  қызмет көрсетуде. Олар жыл сайын біліктілік деңгейін оқуға, семинарларға  қатысу арқылы артырып отырады. Жыл сайын бөлімшеде емдеудің жаңа әдістерін еңгізілуінің нәтижесінде, денсаулығын едеуір нығайтып және сауығуға ұмтылған пациенттер саны артып келеді.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту