Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Науқас 69 жаста, Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының №1 жансақтау бөлімшесіне жүрек айну, құсу, ауыздың құрғауы, шөлдеу, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, дененің ауыруы, әлсіздік шағымдарымен ауыр жағдайда жатқызылды. Науқасты тексеру барысында эзофагодуоденоскопияда холедоходуоденальды жыланкөз анықталды. Науқасқа құрсақ қуысы мүшелерінің магнитті-резонансты зерттеуі жүргізілді. Нәтижесінде өт-тас ауруы және жіңішке ішектің жедел обструктивті өтімсіздігіне алып келген он екі елі ішектің көлденең бөлігінде үлкен тас анықталды. Науқасқа дайындықтан кейін шұғыл түрде МӘМС шеңберінде ота жасалды. Жасалған ота: "Лапаротомды холецистэктомия, он екі елі ішек жыланкөзін тігу, жіңішке ішек өтімсіздігін жою" (жіңішке ішектің безорын алып тастау). Құрсақ қуысының санациясы, дренажды түтікшелер қою. Науқас Облыстық клиникалық ауруханада емдеуді жалғастыруда.