Рематология бөлімшесі


2003 жылы қарашада Облыстық клиникалық ауруханада ревматология  бөлімшесі ашылды. Бөлімшенің жұмысына меңгеруші  2003-2011ж. Ч.Т.Баймухамедов,  2011-2022ж.ж. М.К.Саипов    және   аға медбике  Ж.А.Алтынбекова   жетекшілік  етті. Қазіргі таңда ревматология орталығың Д.И.Медеуов басқарады, аға медбике Қ.Р.Саулембаева. Бөлімшеде тәжірибелі дәрігерлер пациенттерге көмек көрсетеді: Ибрагимова Р.Б., Нұрымбетова А.М., Әуелбекова З.С. Мұнда ревматикалық ауруларды (дәнекер  тіннің жүйелік аурулары, васкулиттер, буын аурулары) стационарға жатқызу жоспарлары және  жедел түрде  жүзеге асырылады. Ауруды зерттеуге және ем қолдануға  ең жаңа  әдістер еңгізілген. Сонымен бірге облыстағы  ревматология   саласындағы  кадрларды даярлау, біліктілігін көтеру  және жетілдірудің базасы болып табылады. 

Қазіргі таңда Облыстық клиникалық ауруханасының ревматология бөлімшесі 28 наурыз 2023ж №45 ДСМ бұйрығына сәйкес, ревматологиялық орталық мәртебесіне ие болды. 

Ревматологиялық орталық тек қана облыс емес, республика көлемінде мамандандырылған медициналық көмекті көрсетіп жатқан арнайы құрылым.  



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту