1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу

2019 жылғы 26 ақпанда Астана қаласы ТЖД "Өрт және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Наркология және психотерапия орталығы объектісінде шартты өртті жою бойынша өрттік-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Мұндай өрттік-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты, бірінші кезекте, өрт туындаған жағдайда персоналдың іс-қимылын пысықтау болып табылады. Тек оқу-жаттығу арқылы ғана қызметкерлер мен пациенттерді оқыс жағдайларда өз-өздерін жоғалтпауға, ондай жағдай туындағанда қалай әрекет етуді нақты білуге үйрете алатыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқу-жаттығуда өрт техникасы мен керек-жарақтар көмегімен эвакуациялау тәсілдері мен амалдары пысықталды. Өртке қарсы қызмет мамандарының бағалауы бойынша оқу-жаттығу тиісті деңгейде өтті. Барлығы сауатты және ойдағыдай өтті.




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту