1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Ортопедия бөлімшесіңдегі мастер-класс

Ортопедия бөлімшесіңдегі мастер-класс


22.04.2022 ж., Шымкент қ. Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесіңде профессор R. Shnetler (Германия), профессор м.ғ.д., Д.В. Римашевский (Мәскеу қ., РФ) мастер-класс өткізді. 2 пациентке көрсетілімдік тізе буынын эндопротездеу және реэндопротездеу операциялары жүргізілді. Сонымен қатар профессор R. Shnetler "тізе буынын эндопротездеу кезіндегі асқынулар" тақырыбында дәріс оқыды. Шеберлік сабағына Түркістан облысының травматолог-ортопедтері қатысты. Дәрігерлер ортопедия және сүйек-бұлшықет жүйесінің созылмалы аурулары, оларды емдеудің заманауи әдістері және болашақта осы патологияларды диагностикалау саласында тәжірибе алмасты.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту