1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Орта бизнес нысандарында акциялар жалғасуда

Орта бизнес нысандарында акциялар жалғасуда

2023 жылдың 27 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Артем» сауда үйі мен «Асем» сауда орталығында келушілер мен қызметкерлерге арналған АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша акция өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.

Акция барысында АИТВ орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, стигма мен кемсітушілік тақырыптарын қозғады. Акцияға қатысушылар АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп, ақпараттық буклеттер, үнпарақтар таратылды.




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту